ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ  САУ

Қазақ халқы ықылым заманннан бері денсаулық мәселесіне  аса мән беріп, «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау»,  «Бірінші байлық – денсаулық»,- деп  адамзатты денсаулығын күтуге шақырып, мақал-мәтелдер арқылы астарында терең тағылым жатқандығын тұспалдап жеткізген.  

Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану әрбір адамның бұлжымас қағидасы  болған жөн. Денсаулықты сақтау – өз қолымызда. Бүгінгі күні әр түрлі ауру-сырқау түрлері көбеюде. Ғұлама Жүсіп Баласағұн: «Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп айтпақшы, жанды ағза болғаннан соң түбі сырқаттанбауы мүмкін емес.  Кез-келген адамның өзіне мәлім бір дерті  болады. Бірақ сол дертке шипа тауып, жол бермей күресе білудің өзі – ерлік. Яғни “Ауруын жасырған өледі” деген сөзді ескере отырып,  аурудың алдын алып, уақтылы дәрігер тексеруінен өтіп, тиісті ем-дом қабылдап, ағзаның сауығуына негіз болатын бағытты ұстанған жөн.

 Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп қарастырсақ, жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың  дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген.

Бүгінгі таңда қоғамда белең алып отырған пандемия – ең өзекті мәселе болып отыр. Әлем халықтарын алаңдатқан бұл індеттің  алдын алу, күресу жолдары жан-жақты қарастырылуда. Соның тығырықтан шығар бір жолы – вакцина егу мәселесі.

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе салу науқаны басталғаны  баршаға мәлім. Денсаулық сақтау министрлігі елде 1 ақпаннан бастап ресейлік "Спутник V" екпесі салынатынын хабарлап, 15 ақпаннан бастап осы ресейлік вакцинаның Қарағанды фармацевтика кешенінде әзірленетін дозалары егілді. Министрлік қазақстандық екпе 1-2 сынақ кезеңінде 96 пайыз тиімділік көрсеткенін мәлімдеген.

Денсаулық сақтау министрлігі екпе ерікті түрде салынады дейді. Министрлік "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сілтеп, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асатынын айтады.

Осыған орай өзім басқарып отырған №86 мектеп-гимназиясында вакцина егу ұстаздар қауымының өз қалауымен жүзеге асты. Медицина мамандарымен кездесу өтіп, екпенің  пандемияға қарсы ем-дом екендігі ақпараттандырылды.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 16 сәуір күні мектебіміздің «Ділмар» дебат клубының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында  «Вакцина –жалпыадамзаттың  өміріне қауіп төндіретін үрей немесе тығырықтан шығар жол» атты I дебат турнирі  боллып өтті. Дебат барысында екпе салудың пайдасы мен кері әсері, Қазақстанда салынып жатқан екпе түрлері, екпені кімге салуға болады немес болмайды, екпе қалай салынады, алдын ала ақпараттандырылуда тигізетін психологиялық  әсері қандай деген мәселе  төңірегінде сөз қозғалды.

Сөз сайысының мәреге жету кезеңінде вакцина – жалпыадамзаттың  өміріне қауіп төндіретін үрей екендігін даттаушылар тобы  сараласа, тығырықтан шығар жол екендігін  жақтаушылар тобы нақты дәлелдермен айқындап шықты.

Қорыта айтқанда, дебат турнирінің түйін сөзі ретінде ұстаздар қауымы вакцина салу –  пандемияның алдын алу шарасы екендігін, әр адам өз денсаулығының  салауаттылығын ойласа, екпе  егу керектігіне басымдық берді.

Дені сау халық –  бай халық, халқының дені сау болса, мемлекеттің де мықты болары сөзсіз.

Сыздықова Базаркүл Сағындыққызы,

№86 мектеп-гимназиясының директоры

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста