Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қазақ ұлттық медицина университетіне ректор болды

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Марат Шоранов Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Марат Едігеұлы Шоранов 1975 жылы 24 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Академик Б.У.Жарбосынов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Урология ғылыми орталығының аспирантурасын бітірді. Rollins School of Public Health (Emory University) магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты.

Академик Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында (Алматы), радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ (Семей), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді.

2008–2009 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Денсаулық сақтауды дамыту институты" РМК директоры (Алматы).

2009–2011 жылдары – Emory университетінің Клиника жобалары бойынша менеджері (Emory University, Rollins School of Public Health, Атланта, АҚШ).

2012 жыл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" РМК экологиялық зерттеулер орталығының басшысы (Астана қаласы).

2012–2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" РМК бас директорының медициналық ғылым және білім жөніндегі орынбасары.

2013–2014 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры.

2014–2015 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры.

2015 жылы – "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ трансформация департаментінің директоры.

2016–2017 жылдары – "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарушы директоры.

2017-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2019 жылдың сәуір-қыркүйек айларында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары – "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2020 жылдың маусымынан 2022 жылдың маусымына дейін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста