"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

113 қазақстандық студент "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Конкурстық іріктеуден өткен стипендиаттар енді магистратура мен докторантурада оқиды немесе әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар бойынша тағылымдамадан өтеді.

 

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2021 жылғы 8 шілдедегі шешімінің қорытындысы бойынша" Болашақ " халықаралық стипендиясының иегерлері:

 

 

Еске салайық, "Болашақ" стипендиясын тағайындау үш рет өткізіліп, қорытындысы маусым, тамыз және қараша айларында шығады.

 

"Стипендиялар медицина, жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар, білім беру, инновациялар мен жаңа технологиялар, креативті индустрия, сондай-ақ индустриялық инженерия бағыттары бойынша бөлінген.

2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға барлығы 1055 стипендия бөлінді, оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша берілді.

Сонымен қатар биыл алғаш рет "Ғалымдар" тағылымдамасының жаңа санаты бойынша 500 стипендия бөлінді. Аталған санат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Бұл шын мәнінде бұрын-соңды болмаған шара. Енді жыл сайын еліміздің 500 ғалымы әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтіп, соның ішінде осы орталықтардың зертханаларында бірлескен зерттеулер жүргізе алады. Біз ғалымдарымызды белсенділік танытып, шәкіртақы тағайындауға қатысуға шақырамыз", - деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

 

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 мамырдан басталып, 28 қазанға дейін жалғасады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста