Болашақ өрт сөндірушілерді оқуға қабылдау үшін құжат жинау басталды

«Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне оқуға түсуге үміткерлерді қабылдау жұмыстарын жүргізуді бастап кетті», деп жазады «Алаш айнасы» «БАҚ кз» сайтына сілтеме жасап.
Нағыз ер азаматтық өрт сөндіруші-құқарушы мамандығы соңғы кездері жастар арасында танымал болып отырдейді өртке қарсы қызмет полковнигі Сырым Шәріпханов. Ол қазіргі күнде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты бастығының ғылыми жұмысы бойынша орынбасары болып қызмет істеп келеді. С. Шәріпхановтың айтуы бойынша ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты – еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны. Сондай-ақ КТИ «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша сырттай және іштей оқу түрінен өрт қауіпсіздік бакалавр біліктілігі берілу арқылы жоғары кәсіпті мамандарды даярлайды. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына қабылдау және іріктеу Ережесіне сәйкес институттың іштей оқу бөліміне Қазақстан Республикасының 25 жасқа дейінгі және оқу жылының басына дейін 17 жасқа толған, орта және жалпы орта білімі бар, әскери қызметке денсаулығы жарамды, оқуға түсерде емтиханды (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика және математика пәндерінен) жетістікпен тапсырған және сайыстан мүдірмей өткен азаматтар қабылданады.
Институтқа орта білімі, орта кәсіптік білімі бар, әскери оқу мен қызметке денсаулығы жарамды, түсу емтихандарын жақсы тапсырған ҚР азаматтары білім ала алады. Институтқа мектеп түлектері ҰБТ-ның қорытындысы бойынша қабылданады. Абитуриенттерді есепке алу бірнеше деңгейде өтеді. Ең бірінші – қабылдау комиссиясы медициналық, физикалық және психологиялық көрсеткіштерге, екіншіден – жинаған баллдық сертификаттың сәйкестілігімен іріктеледі, үшіншіден – мандаттық комиссия есепке алады. Жеке және оқу іс-қағаздарын ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелері мен кадрлық органдарда толтырылады. Күндізгі оқу бөліміне 25 жасқа толмағандар мен 17 жастан асқандар жыл басынан қабылданады.
Абитуриенттер институт ішінде арнайы ұйымдастырылған әскери-дәрігерлік комиссиясынан міндетті түрде қосымша медициналық және психофизиологиялық тексерістен өтеді, сонымен қатар белгілі нормативтерге сәйкес физикалық дайындықтан дифференциялық сынақ тапсырады.
«Оқуға түсу үшін комплексті тест шілде айында тапсырылады. Комплексті тест қазақ намесе орыс тілдерінде келесі сабақтар бойынша жүргізіледі: қазақ немесе орыс тілінен, Қазақстан тарихынан, математика және профилді пән – физикадан тапсырылады. Күндізгі оқу бөліміне түсушілер емтиханнан бөлек, белгілі нормативтерге сәйкес – 100 м. қашықтыққа жүгіру, турникке тартылу, 3000 м. кросстан физикалық дайындық бойынша сынақ тапсырады» дейді полковник Сырым Шәріпханов
Институтқа оқуға түсу үшін тамыз айынан бастап байқау жүйесінде тіркеледі. Күндізгі оқу бөліміне түсушілер казармаға орналасады. Іштей оқуға түскен азаматтар казарма тәртібі бойынша мемлекет есебінен тамақтанумен, шәкіртақымен қамтамасыз етіліп, жақсы жабдықталған жатақханада тұрады. Оқуды тәмамдаған соң, түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, арнайы «Өртке қарсы қызмет» лейтенанты атағы беріледі. Түлектер әрі қарай ҚР ТЖМ органындарында және бөлімшелерінде қызметін жалғастыру үшін жолдама алады. Еліміздің тыныштығын қорғау – әр азаматтың міндеті.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста