Бірінші мамыр - бірліктің ерекше мерекесі

«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана халқымыз айтқандай, алдымызда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі келе жатыр. 1 Мамыр – татулық пен бірлік күні.

 

Қазақстан тәуелсіз ел болып, егеменді, дербес мемлекет атанғалы биыл 29 жыл, ал, Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 25 жыл толып отыр.

 

 

Бүгінде еліміз ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір,тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмашылдығы үшін ерекше бағалайды.

 

Айтулы күн ұлыстар мен ұлттардың бірлігіне ұлықтап, Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерін де жұмылған жұды¬рықтай тұтастыруға үндеп келеді. Сөйтіп мамыр мейрамы бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні деген мазмұнда жалғасын та¬уып, көп этносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды.

 

«Бірлік болмай тірлік болмас » қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Бұл мейрамның басты мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау деп білемін.

 

Біздің мемлекетіміздің әрбір бұрыш-бұрышында бұл мереке күнделікті тойланып жатады. Себебі, елімізде ең бастысы – ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып жатқандығы, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр.

Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болары анық.

 

Бұл мереке елдің бірлігін одан сайын нықтап, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашсын деп тілейік.

 

 

 

Алматы қаласы, Алатау ауданы
№91 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Айшолпан Мұстафаева

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста