Бір заң екінші бұйрыққа қарсы

Бір заң екінші бұйрыққа қарсы

Асхат Аймағамбетов мырза! Мақаладағы сұқбатыңызды оқып отырмын...

 

Былтырдан бері 16 сағаттан артық сағаттарға жаңадан мұғалім алуды ұсындыңыздар. ӘНХ бойынша. Бұл мұғалімге 16 сағаттан артық бермеу дегенді білдіреді.

 

1. Сіз айтқандай, директорлардың мұғалімдерден сағат қызғанатыны рас. "Сүйкімді" , "сүйікті" , сыйлық бергендеріне отыз сағаттан беретін директорлар бар. "Сүйкімсіз", " сыйлықсыз" мұғалімдердің 10 сағатпен жүргендері бар. Сағаты ставкаға жетпейтін көптеген мұғалімдер бізден көмек сұрайды. Дәлелдер бар.

 

2 . 16 сағаттан артық сағат алмауы керегін ұсынып жүрсіздер. Сапа мәселесіне келсек дұрыс. Бірақ, айлығы шайлығына жетпейтін мұғалімнен қандай сапа күтесіздер? Баласына беретін тамағы жоқ мұғалімнен қандай сапа талап ете аласыздар?

 

16 сағаттың жалақысы өте аз. Мұғалімдер артық сағатты еріккеннен алмайды. Жалақылары жетпеген соң алады.

 

Сіз айтып жүрген көп жалақы барлық мұғалімде жоқ. Сағаты көп шеберлерде ғана. Барлық мұғалім шебер бола алмайтынын түсініңіздер.

 

Айтпақшы, өткен жылы мен сағат мәселесін көтердім ғой. Бір мұғалімде 20 сағат, екіншісінде 35 сағат. Бақылау департаментінен келген тексеру 35 сағатты заңды деп кетті.

 

Еңбек кодексінде 40 сағат алуға болады екен. Сондықтан заңды екен. ))))

 

Бір заң екінші бұйрыққа қарсы. ))))

 

3. Мектеп директоры мен завучтар бір жарым ставкамен жұмыс істейді. Неге мұғалім бір жарым ставкамен жұмыс істеуіне болмайды? Мұғалімге келгенде бәрі жабық па?

 

Сіз айтып отырған мәселе жастарды жұмысқа қабылдау мәселесі ғой. Жұмысқа жаңа мұғалімдер тарту. Дұрыс!

 

Бірақ , бұл мәселені шешу үшін мұғалімдердің сағатына тиісудің керегі жоқ. Зейнеткерлерді жұмыстан шығарыңыздар.

 

Бәрі әділ болуы керек. Зейнетақысын алатын, балалары өскен зейнеткерлер жұмыс істеп, 16 сағатпен жалақы алады. Балаларын әрең бағып жүрген, үйі жоқ жас отбасы да 16 сағатпен жалақы алады. Бұл әділдік емес. Зейнеткердерді иығына орамал жауып шығарып салыңыздар. Жастардан, жұмысқа жарамды мұғалімдерден сағат аямаңыздар. Әрине 30 сағат сұрап отырған ешкім жоқ. Завучтар мен директорлар алып отырған бір жарым ставканы мұғалімге де беріңіздер. Жастарды зейнеткерлердің орынына жұмысқа қабылдаңыздар. Мектептерде сыныптар ашылып, сағаттар көбейіп жатады. Жастарды сондай орындарға қабылдаңыздар.

 

Тағы бір мәселе бар.

 

Сіз байқамай жүрген сияқтысыз. Көп өңірлерде мұғалімді көп қабылдайды жұмысқа. Сондықтан мұғалімдердің сағаттары ставкаға жетпейді.

 

Барлық мәселе әділ болуы керек. Мұғалімнің жалақысын жақсылап көтеріңіздер. Сонда ғана 16 сағатпен жұмыс істеуге болады.

 

Айтпақшы, жалақы көтергенді айтып, жарнамаламай-ақ қойыңыздаршы. Жалақының көтерілгенін естігендер тамақты қымбаттатып жібереді. Пайдасы жоқ. )))

 

Тапқанымыз тамағымыздан ауыспайды.

 

Әңгіменің қысқасы, зейнеткерлер жастарға орын берсін!

 

Директорлар әкесінен қалған сағат болса да қызғанбай, мұғалімдерге сағатты теңдей берсін!

 

Жастарды парасыз жұмысқа қабылдасын!

 

Айтпақшы, оқушылардың маусымға дейін оқуына қарсымын!

 

Әріптестер! Демалыстарыңыз сәтті өтсін!

 

 

Aвторы, Мөлдір Абдуллаева

 

 

 

Қазақ миссиясы - Ғалымжан Жәкібаев

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста