Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Білім және ғылым министрлігі білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады, хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Президенттің тапсырмасы бойынша гранттың жалпы саны 5000-ға артып отыр. Осылайша биыл бакалавриатқа 56 мың грант бөлінді.

 

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық.

 

Биыл гранттың басым бөлігі - 17 028 грант инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына бөлініп отыр.

 

Бұдан бөлек, педагогикалық ғылымдарға – 9 573 грант, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға – 7 487 грант,  жаратылыстану ғылымдарына – 4 088 грант, ауыл шаруашылығы ғылымдарына – 1 895 грант, денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға – 2700 грант, өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 1 615 грант, бизнес, басқару және құқық – 1 223 грант, ал әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат мамандықтарына - 960 грант.

 

 

Биыл алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квота бөлінді.

 

Сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары – индустрияға" ("Серпін") бағдарламасы шеңберінде де гранттар қарастырылған.

 

Айта кетері, биыл ҰБТ-ға 145 588 оқушы қатысты. Олардың ішінде шекті ұпайды 88 101 бала (60,5 процент) жинады. Артынан тексерістің нәтижесінде 19 талапкердің нәтижесі жойылды. Биыл 140 ұпайды Павлодар облысының бір түлегі ғана жинады.

 

 

 

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста