Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады – министрлік

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы «Хабар 24» тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді.

 

Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады.

 

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Яғни көп балалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды.

 

Сондай-ақ ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген.

 

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілді. Құжаттарды қабылдау 13-22 шілде аралығында жүзеге асырылды.

 

Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми (https://t.me/gylym_jogary_bilim) Telegram каналында  және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста