Басқару психологиясын меңгеру уақыт талабы!

Басқару психологиясын меңгеру уақыт талабы!

Соңғы жылдары басқару психологиясы түсінігінің маңыздылығы артып келе жатқанын байқаймыз. Кез келген өндіріс орнындағы, фирмалар мен корпорациялардағы, мемлекет пен ұжымдағы жалпы іс әрекетті басқаруды психологиялық тұрғыдан зерттеп, еңбектің сапасын көтеруге бағытталған ғылым саласының маңыздылығын түсінгендіктен бүгінгі күнде жетекші оқу орындары оны арнайы оқытуды қолға алып отыр. Соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы да өзінің магистранттарына басқару психологиясын жан жақты меңгертуде.
Өйткені ертеңгі күні қызмет жолында ұжымдық әрекеттерде маңызды саналатын басқару психологиясы ұжымдық нәтиже жолында тиімді ықпал етіп қана қоймай, түрлі ұжымдардың белгілі бір мақсаттарын шешу жолдарын ұйымдастыру және ол жұмыстағы басшыға қойылатын талаптар мен басшының басқару стильдерінің психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын маңызды сала екені дәлелденген.
Басқару психологиясының тек өзіне тән зерттеу пәні бар, ол- басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын және осы процесс кезіндегі адамдар арасындағы пайда болған қатынастарды зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды. Осы орайда мұндай маңызды саланың еліміздегі жоғары білікті кадрлар даярлауда жетекші қызмет атқаратын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің назарынан тыс қылмайтыны анық еді. Өйткені осы университеттің қабырғасында алғаш рет психологиядан ұлттық кадрларды даярлау ісі қолға алынған.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1947 жылы университет ректоры әрі психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, ҚазССР ҒА академигі, психология ғылымдарының докторы Төлеген Тәжібаевтің үлкен ұйымдастырушылық жұмысының арқасында филология факультетінде психология мен логика бөлімі ашылған. Тарихы сол жылдардан басталған психология бөлімі уақыт өте жанданып, 1949 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде психология ғылымы бойынша аспирантура ашылып, ғылыми мамандар дайындауға нақты мүмкіндік туған. Тарихи дерек бойынша, университетте 1940 жылы ашылған педагогика кафедрасы 1948 жылдан бастап «педагогика және психология» деп аталына бастаған. 1980 жылы педагогика және психология кафедрасы жалпы университеттік сипаттағы жеке кафедраларға айнала келе, алғашқы дербес психология кафедрасы ретінде құрылған.
Сегіз жыл жеке кафедра ретінде өмір сүрген психология кафедрасы кейін қайтадан жалпы университеттік «педагогика және психология» кафедрасы болған. Тек 1996 жылдан бастап қана оқу орны мамандарды екісатылы даярлау жүйесіне көшіп, психологтарды баклавриат және магистратурада дайындай бастаған, яғни психологтарды даярлаудың көпсатылы жүйесіне көшкен. Бакалавриат пен магистратура және бес жылдық жүйе қатар қызмет етіп, 1998 жылы алғашқы психолог магистрлері университетті бітіріп шыққан. 2000 жылы психология кафедрасы этнопсихология және педагогикалық психология, жалпы психология болып екіге бөлінген. Оқу орнында бүгінде жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау үшін магистратура, аспирантура, докторантура, машықтану және PhD докторантура да қалыптасқан. Еліміздегі ең алғашқы психолог мамандарды қалыптастырып, ал бүгінгі күні барынша заманауи, сапалы білім беруді көздеген оқу орнының мамандары үлкен сұранысқа ие.

Садыкова Назира Маргушовна, п.ғ.к. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы


Махамбетсалиев Даурен Бахтыбайұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының 1 курс магистранты

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста