Баланы мектептегі буллингтен қорғау тұжырымдамасының жобасы талқыланып жатыр

Баланы мектептегі буллингтен қорғау тұжырымдамасының жобасы талқыланып жатыр

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізу ұсынылып жатқан «буллинг» ұғымы белсенді талқыланып жатыр. Nur Otan партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы Динара Закиева осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Қазір Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы« Заңына енгізу ұсынылып жатқан «буллинг« ұғымы белсенді талқылануда. Жұртқа мәлім, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР 2021 жылдың қаңтарында VII шақырылған Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және буллингтің алдын алу мәселелерін шешу үшін шаралар қабылдау қажет екенін айтты. Бұған дейін Президент 2020 жылғы Жолдауында кибербуллингтің алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажеттігін ерекше атап өткен», деп жазды Динара Закиева Facebook-тегі парақшасында.

 

Буллинг (қорлау) - балалардың алдында тұрған, көбінесе мектепте кездесетін өзекті мәселелердің бірі. ҚР Ұлттық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы еліміздегі оқушылардың 12%-дан астамы буллинг пен қорлауға ұшыраған. Тек өткен жылдың өзінде 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған, 306 жасөспірім бұған әрекеттенген.

 

 

«Аталмыш мәселені зерттеу, алдын алуға бағытталған бағдарламалар әзірлеу, осы құбылысқа әкелетін себептермен айналысу, мектептегі буллингтен (қорлаудан) қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет», - дейді Динара Закиева.

 

Оның айтуынша, тұжырымдаманың болмағандықтан ресми статистика да жүргізілмейді.

 

«Тұжырымдама редакциясын талқылау мақсатында барлық тілек білдірушілер ҚР Білім және ғылым министрлігінің алаңында өтетін кіші топқа біріктірілді. Тұжырымдаманың редакциясында жұмыс істеуге ниет білдіргендердің бәрі талқылауға кедергісіз қосылды. Аталмыш топқа жылдар бойы балалар мен отбасыларға, соның ішінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін көптеген қоғам қайраткерлері, сарапшылар қатысуда. Олардың қатарында Қуат Дүйсен - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, PhD докторант, белгілі профессор М. Ш. Қоғамов, белгілі тіл мамандары да бар», - деді ол.

 

Оның айтуынша, жұмыс топтарының отырыстарына қатысқысы келетіндердің барлығына әр сәрсенбі күні сағат 15.00-де ҚР Парламентінің сайтында отырыстың тікелей эфирі өтеді. Отырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

«Тұжырымдаманың редакциясы әзірленгеннен кейін ол негізгі жұмыс тобында өткізілетін талқылауға шығарылады. Жұмыс тобы оны талқылап, дауыс беру өткізеді. Әр отырыстың алдында 109 адам қатысатын жұмыс және сараптама топтарының барлық мүшелеріне кестелер мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберіледі», - деді Динара Закиева.

 

Қоғамдық кеңестің төрайымы өзінің де ата-ана екенін айтып, бұл ұсыныс ең алдымен еліміздің барлық баласын қорғау үшін енгізіліп жатқанын атап өтті.

 

«Өкінішке қарай, қазір қоғам өкілдерінің кейбірі сындарлы ұсыныс жасамай, балаларға көмектесу тәжірибесі болмай, процесті саясаттандыруда, халықты буллинг үшін жаза (оның ішінде қылмыстық жаза) қарастырылған деп адастырып, айла-шарғы жасап басқа да шындыққа сай келмейтін ақпарат таратып жүр. Шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратқандарға әрекеттері үшін заң бойынша жауапкершілік көзделгенін еске салғым келеді. Барлық ақпаратты ҚР Парламентінен немесе жұмыс тобының жетекшісі ретінде менен ресми түрде сұрауларыңызды өтінеміз», деді Динара Закиева.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста