Балалардың үздік шығармасы үшін 6 млн. теңге беріледі

Елімізде балаларға арналған үздік шығармаларға арасында Х халықаралық «Дарабоз» бәйгесі басталды. Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған байқаудың басты ерекшелігі – қаламгерлер шығармаларын бұрынғыдай лақап атпен емес, өз аты-жөндерімен және екі тілде (қазақ, орыс), үш түрлі жанр (поэзия, проза, ертегілер) бойынша ұсына алады. Ақын-жазушыларды балалар тақырыбына тартуға «Бауыржан» қайырымдылық қоры мен Қазақстан Жазушылар одағы тікелей ұйытқы болып, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы қаржылай демеу көрсетпек. Қазіргі таңда Қазақстан жазушылар одағында 760 адам болса, соның 16-сы балалар жазушысы. Ол Қазақстан жазушыларының 2 пайызы ғана бүлдіршіндер тақырыбына, яғни балалар әдебиетіне қалам тартады деген сөз. Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының көрсеткіші бойынша елімізде 1 335 мемелекеттік және жеке-меншік баспалар бар. Бірақ солардың ішінде балалар әдебиетіне ден қойғаны некен-саяқ. Соңғы 10 жыл ішінде елімізде 8 523 әдеби кітап басылып шықты. Соның ішінде балаларға арналған әдеби кітаптар саны бар болғаны 220. Осы жайттарды ескере келіп, балалар әдебиетіне арналған «Дарабоз» халықаралық әдеби бәйге 2006 жылдан бастап «ZHERSU» инвестициялық өндірістік копорациясы мен Қазақстан жазушылар одағының қолдауымен он жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Осы конкурстың жеңімпазы деп танылған шығармалар екі тілде «Кәусар бұлақ» және «Чистый родник» атты кітаптар сериясын жыл сайын жарыққа шығарып, мектеп кітапханаларына тегін таратылып жүр. Әр жеңімпаз көлемді ақшалай жүлдеге және баспалардың бірімен келісім шартқа отыру құқығына ие болмақ. Үздік шығармалардың жүлдегерлерін арнайы құрылған әділқазылар алқасы дауыс беру арқылы шешеді. Әділқазылар отырысы үстіміздегі жылдың 25-мамыр күні өткізіледі. «Дарабоз» жүлдесін салтанатты түрде табыс ету іс-шарасы 2015 жылдың 1 маусымында, Қазақстан Жазушылар одағында өткізу ұйғарылған. Сонымен, балалар әдебиетін алға сүйреуді мақсат тұтқан байқаудың жай-жапсары мен талаптары туралы балалар жазушысы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, балалар жазушысы Шәкен Күмісбаев, «ZHERSU» ИӨК басқарма өкілінің орынбасары Соңғұл Шара, «Бауыржан» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Жұлдыз Омарбекова, С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасының директоры София Раева, «Алматыкітап» баспасының президенті Гауһар Саймасаева мен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сұлтан Қалиұлы жан-жақты әңгімелеп, журналистердің сауалдарына жауап берді. Қысқасы, балалар арналған шығармашылық байқаудың бас жүлдегері – 1 миллион теңге иеленсе, бірінші орын алған 2 үздік қаламгерге – 700 мың теңгеден, екінші орын алған 2 адамға – 300 мың теңге, үшінші орын алған 3 адамға – 200 мың теңгеден беріледі. Жалпы, байқаудың жүлде қоры 6 миллион теңгені құрайды. Жүлдегерлерден қалған қаражат жеңімпаз шығармаларды жинақ етіп шығаруға жұмсалып, бұл кітаптар мектептердің кітапханаларына тегін таратылмақшы.
egemen.kz baq.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста