Бала өздігінен әрекет етіп үйренсін десеңіз...

Бәрін өз бетінше жасай алатын бала – әр ата-ананың арманы. Таңертең тұрып, өзі тісін ысса, төсегін жинап, киімін киіп, аяқ-киімін бауын байлап, сақадай-сай тұрса дейміз. Бірақ ондайға қол жеткізу үшін біраз еңбектену қажет. Алайда осыны күнделікті үйретіп жүрген адамның да баланы бірден өздігінен бәрін жасай алатын дәрежеге жетуі қиын-ақ. Бәлкім, оның арнайы әдіс-тәсілдері бар болар?! Бүгінде баланы өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейтін әдістер көп. Соның бірі – біздің сіздерге ұсынып отырған мына бір әдіс.

1. Сабынды көпіршікті төгіп алмау. Көпіршік құйылған ыдысты орындықтың аяғына байлап қойсаңыз болғаны.


2. Балмұздақпен киімді бұлғамау. Балмұздақтың түп жағына кекске арналған шағын пішінді кигізіп қоясаңыз болды.


3. Күн тәртібін сақтау. Бала өзінің қашан ойнап, қашан сабаққа дайындалу керектігін оңай анықтау үшін, екеуіңіз бірге сағаттың бетіне түрлі-түсті сегменттер мен оңай жатталатын жадынама жасап, іліп қойсаңыз болады.


4. Өзінің шашқанын жинату. Егер сіз жерге скотчтан төртбұрыш аймақ жасап қойсаңыз, бала оның ішіне бүкіл қоқысты жылдам жинап тастайды. 

5. Кілттерді шатастырмау. Қай кілт төменгі құлыптыкы, қай кілт жоғарғысы сияқты нәрселерді жылдам айыру үшін, кілтті тырнақ бояйтын лакпен әр түске бояп қойыңыз. Сонда баланың есінде жылдам қалады.


6. Аяқ киімнің оңы мен солын ажырату. Баланың біраз жасқа дейін аяқ-киімнің оң мен солын ажырата алмайтын кездері болады. Ондайда аяқ-киімнің ішкі жағына өзі жақсы көретін кейіпкерінің басын екіге бөліп жапсырып қойыңыз. Бұл сіздің де уақытыңызды үнемдейді.


7. Қаламды дұрыс ұстау. Қалам мен қарындашты дұрыс ұстап үйретуге баланың алақанын салынған қағаз майлық көмектеседі. Бас бармақ пен сұқсаусақтан басқа саусақтарына қағаз майлықты орап қыстырып берсеңіз, жеткілікті. Балаға қалам мен қарындашты ұстау оңай болады.


8. Дәретхана қағазының қажет мөлшерін ғана алу. Бұл үшін қабырғаға белгіленген қызыл шектеуіш белгі жасау керек. Бала қағазды тартып отырып, осы жерде тоқтау керектігін дәл білетін болады.


9. Тісті қанша ысу керектігін анықтау. Бала тісті қанша ысу керектігін білмейді. Сондықтан ол тісін ысқанда қасына 2-3 минутқа есептелген құмсағат қойған дұрыс. Сағаттағы құм толығымен құйылып біткен кезде 2-3 минут өткенін байқау қиын емес.


10. Сауда орталығында адаспау. Мереке күндері көшеде немесе үлкен сауда орталықтарында адасып кету қаупі бар. Сол үшін үйден шығар алдында оның қолына оңай өшпейтін маркермен өз телефон нөміріңіз бен аты-жөнін толықтай жазып қойыңыз.


11. Сіз азық-түлікті түсіріп жатқан кезде, бір орнында тұру. Әдетте бала ата-анасы бір нәрсеге ұзақ айналса, бір орнында тұра алмай, автокөлік тұрағында ары-бері жүгіріп кетеді. Сол үшін оларды бір ойынға айналдырып қойған дұрыс. Мысалы, көлігіңізге бала санына байланысты ашық түсті жапсырмаларды жапсырып, ал балаға уақытша «трансформер» рөлін беріп, бір мезгіл сол жапсырмаға қолын қойғызып, жан-жаққа жүгіріп кетпейтіндей етіп, «қуат алуға» қойып қойсаңыз болады.

adme.ru
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста