Б. Сапарбаев Білім және ғылым министрлігінің ғылым саласындағы жұмыстарын сынады

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Елдің инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция барысында вице-премьер елдегі ғылым саласының жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

Оның айтуынша, ғылыми зерттеу зертханалары бөлінген қаржының молдығына қарамастан жаңа технологияларды жеткілікті дəрежеде ұсына алмай отыр.

«Қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде əр мемлекет өз мүмкіндігін толығымен пайдалану керек. Президент соңғы кездері берген тапсырмаларында бар мүмкіндікті пайдаланып, экономика дамуының төмендеуін болдырмау керектігін айтқан. 8 жыл бұрын Елбасы тапсырмасына сəйкес 15 ғылыми зерттеу зертханаларын ашуға 5 млрд. теңге бөлінген болатын. Ал оны дамытуға 8 млрд. бөлінді. Алайда, олардың бізбен бөлісетін жаңалықтары көп емес. Əсіресе инвестиция тарту төмен. Көптеген ЖОО кəсіпорындармен жұмыс істемейді. Өткен бес жылда кəсіпорындармен келісімшарт көлемі 1 млн. теңгеден аспады. Басқа мемлекеттерде ғылым саласына өз кəсіпорындарынан тартылатын инвестиция көлемі 17 пайызға дейін жетеді. Ал бізде 0,7 пайыз. Ректорлардың кəсіпорындармен байланысы нашар. Ғылым саласына алдыңғы жылы 22 млрд теңге бөлінсе, былтыр 40 млрд теңге бөлінді. Бұл аз қаржы емес. Осы ақша бізге не берді? Бұл сұрақты біз қазір ҚР Білім жəне ғылым министрлігіне қоямыз»,- деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, биылғы 4 айда экономиканың даму көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға өсті.

«Дүниежүзілік дағдарысқа қарамастан елімізде барлық саладағы даму көрсеткіштері жоғары. ҚР Мемлекет басшысы 5 халықтық реформасында білім жəне ғылым саласына аса үлкен көңіл бөлген. Елдегі білім ғылым саласы жетістіктерін өндіріспен байланыстырып кластер жасап, жаңа технологиялар мен инновациялық жаңалықтарды экономикамызға енгізек деген мақсат бар. Жаңа заң қабылданып жатыр. Қолданыстағы заңға өзгеріс енгізіліп жатыр»,- деді Б.Сапарбаев.

Оқу ордасының ректоры вице-премьердің айтқан сыни сөздерін дұрыс қабылдады.

«Бүгін университет қабырғасында елеулі маңызды оқиға өтіп жатыр. Елбасы халықтық реформаны жариялап, 100 нақты қадамды көрсетіп қандай міндеттер тұрғанын анықтауға жиналдық. Сіздің осы бағытта ғылым-білім саласына қатысты ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз ескеріледі»,- деді ректор Ғалым Мұтанов.

Жиынға ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік ұйым, кәсіпорындар мен ұйымдар, ЖОО-лар, халықаралық аккредитациялық орталықтар, рейтингтік агенттіктердің өкілдері, жоғары білім беру саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Форумда елдің инновациялық даму негіздері ретіндегі ғылым, білім беру және бизнес интеграциясының тиімді жүйесін құрудың заманауи тәсілі мен үлгілерін тудыру мəселесі талқыланды.

Сондай-ақ, оқу ордасында ЖОО түлектері үшін «Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі», инновациялық технологиялардың көрмесі өтті.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста