Ахмет Байтұрсынұлы ордені үздік ұстаз-ғалымдарға табыс етілді

Бүгін «Тұран» университетінің Мәжіліс залында Жоғары білім беру саласы ардагерлерінің құрметіне арналған салтанатты жиын өтті.

Алда келе жатқан Халықаралық Ұстаздар күні қарсаңында елімізде алғаш рет қолға алынған бұл іс-шараны Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Салтанатты жиынды ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанұлы құттықтау сөзбен ашып, ұстаздар қауымына игі тілектерін арнады. Бұдан соң ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Вице-президенті, профессор Әбішев Әли Әжімұлы «Қазақстанның жоғары мектептерін дамытудағы дәстүрлер мен ұрпақ сабақтастығы» тақырыбында тұшымды баяндама жасады.
Жиынның басты оқиғасы - Қазақстанның жоғары оқу орындары ардагерлерін ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы тағайындаған Ахмет Байтұрсынов атындағы орденімен марапаттау рәсімі болды. Марапаттауларды осы шараны ұйымдастырушы, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанұлымен аталған қауымдастықтыңбасқарма мүшесі, Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Құсайынов табыс етті.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы төмендегідей ардагер-ұстаздарды Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің дамуына қосқан айрықша үлесі және жоғары білікті мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін Ахмет Байтұрсынұлы орденімен марапаттады. Олар:

• Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары мектебінің белді өкілі, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі - Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы;

• Химия ғылымдарының докторы, професссор, Қазақстан жоғары мектебінің белді өкілі Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі - Шайхутдинов Еренғайып Мәлікұлы;

• Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі - Елешев Рахымжан Елешұлы;

• Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент - Романов Вячеслав Иванович;

• Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор - Садықов Нуруллах Магомед-Рамазанович;

• Қазақ-Америка еркін университетінің ректоры,химия ғылымдарының докторы, професссор, Қазақстан жоғары мектебінің белді өкілі Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі - Мәмбетқазиев Ережеп Әлхаирұлы;

• Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары мектебінің белді өкілі, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі - Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы;

• Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі - Табылдиев Хисмет Бозанұлы.

Рахман АЛШАНҰЛЫ,
ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор;
- Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бері заман талабына сай білім берудің жаңа жүйесін қалыптастырып келеді. Қазіргі уақытта мемлекетіміз халыққа білім берудіңәлемдік стандарттарға сай үлгілерін тәжірибе ретінде алып, дамыта түсуде. Осы уақытқа дейін талай сынға ұшырап, көптеген реформалары аяқасты қалып жататын отандық білім, ғылым саласы соңғы кезлдері инновациялық тұрғыда жандана бастағанын айтпай кету мүмкін емес. Елбасы отандық білім мен ғылымды жандандыруға айрықша көңіл бөліп, ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктеп отыр.

Қазір республикамызда ұстаз мәртебесін көтеру және оның ерен еңбегін лайықты түрде бағалау орайында ауқымды әрі жүйелі шаралар іске асырылуда. Осының бәрі білім беру саласында тың бағыттарды дамытып, ұрпақтың инттеллектуалды тұрғыда жетілуіне жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін атқарып отырған жұмыстар. Бұл ретте республикамыздағы жоғары білім беру саласының білікті ұстаздары мен ардагерлерінің қосқан үлесі мен сіңірген еңбектерінің орасан екені сөзсіз. Бүгін біраз қадірлі ардагер-ұстаздарымыз Ахмет Байтұрсынұлы орденімен марапатталды. Бұл – ұстаз үшін биік мәртебе. Бұл ең алдымен жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Жоғары білім беру саласы ардагерлерінің құрметіне арналатын мұндай салтанатты жиынды алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізіп тұрмақпыз.

Аталған салтанатты жиынға еліміздің әр аймағындағы жоғары білім беру саласының ардагерлері, ЖОО-лардың ректорлары мен ғалымдары, жалпы зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында Қазақстанның Жоғары мектебінің кешегісі мен бүгінгісіне шолу жасалып, білім беру саласындағы алдағы міндеттер сөз болды. Сонымен қатар Қазақстан жоғары оқу орындары ғалымдарының ғылыми еңбектері мен оқулық басылымдарының көрмесі ұйымдастырылып, ардагер ғалым-ұстаздардың құрметіне арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста