Астанада ішімдікке сылқия тойған балабақша тәрбиешілері балаларды қараусыз қалдырған
![Астанада ішімдікке сылқия тойған балабақша тәрбиешілері балаларды қараусыз қалдырған](/image/stub.png)
Астана полицейлері балабақшалардың бірінде педагогтерді мастық салдарынан ес-түссіз күйде тапқан. Балалар ересектердің қарауынсыз қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Астана Полиция департаментінің тілшіге берген мәліметі бойынша, балабақшадағы оқиға туралы ақпарат 4 шілде күні түскен.
"102" арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар қараусыз қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Келгеннен кейін полиция қызметкерлері деректі растады: педагогтер масаң күйде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды", - деп хабарлады ПД.
Дерек бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетіні айтылды.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)