Аралас мектептерді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде білім беруге көшіру керек - Динара Нұралиева

Аралас мектептерді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде білім беруге көшіру керек. Бұл туралы Тараз қаласындағы №34 орта мектептің директоры Динара Нұралиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Жамбыл облысында аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім беретін бірінші сыныптар көбейе бастады. Мектеп директоры ретінде осы орайда өз ұсынысымды жеткізгім келеді. Егер республикамыздың әр өңірінде аралас мектептер кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде білім беруге көшсе, сіздер қалай қарайсыздар?! Бұл шешім барлық қазақстандық балаларды кішкентай күнінен ешқандай бөлінуге жол бермей, қазақ тілін жетік меңгеруге нақты қадам болар еді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе». Бізде бір ғана ортақ &ndash мемлекеттік тіліміз, бір ғана &ndash ұлтымыз, бір ғана &ndash Отанымыз болуы тиіс!», - деді ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында. Әкесі &ndash дүнген, анасы &ndash ұйғыр, арғы аталары &ndash орыс, өзбек, татар және басқа да бірнеше ұлттан тарайтын Динара Нұралиева өзі сияқты азаматтардың төлқұжатына «қазақ» деп жазатын уақыттың келгенін айтады. «Қазіргі уақытта Қазақстанда бойында 7-8 этностың қаны бар мен сияқты жүз мыңдаған адам бар. Мүмкін осындай азаматтарды төлқұжатына «қазақ» деп жазатын уақыт келген шығар? Біз әрқашан татулық пен бірлікте өмір сүріп келеміз. Ортақ үйімізде бір үзім нанды бөліп жеп отырған жайымыз бар. Басты байлық &ndash тұрақтылық екенін естен шығармауымыз қажет. Біз әрдайым бірге болсақ, әлі талай асуларды бағындырамыз», - деді мектеп директоры.
ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста