Ақтөбеде 7 жастағы оқушыны зорлау оқиғасы: БҒМ өкілдері ата-анамен, баламен кездесті

Ақтөбеде бірінші сынып оқушысының туыстары зорлық-зомбылық туралы мәлімдегеннен кейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері арнайы келіп, олармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен ҚР Білім және ғылым министрінің Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Раиса Шер Ақтөбе облысына келіп, зардап шеккен баланың отбасымен кездесті.

 

Министрлік өкілдері баланың жағдайымен танысып, бала мен оның туыстарына қандай көмек қажет екенін сұрап білді. Балаға жан-жақты, оның ішінде психологиялық көмек көрсетіледі.

 

«Ақтөбе облыстық білім басқармасы Білім және ғылым министрлігіне оқушының ата-анасының өтініші туралы уақытылы хабарламады. Мектеп әкімшілігі қажетті жұмысты жүргізбей, туыстарының үндеуіне тиісті назар аудармаған. Әкімдік жанындағы барлық білім басқармасы мектептерде не болып жатқанын бақылауда ұстауға және өңірлерде не болып жатқанын білуі тиіс. Мектепте әр бала үшін ыңғайлы болатын жағдай жасауы керек. Немқұрайлылыққа жол берілмейді», — деді Балалар құқығын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

 

Сондай-ақ ҚР БҒМ өкілдері Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, облыстық білім басқармасы басшысы, құқық қорғау органдары мен қамқоршылық кеңесінің қатысуымен жиын өткізді.

 

Онда болған оқиғаға байланысты жағдай толық анықталғанға дейін мектеп директоры мен директордың орынбасарын қызметінен шеттету туралы шешім жария етілді.

 

Жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандарға қатысты қауіпсіздік шараларын күшейту, осы бағыттағы алдын алу жұмыстары және білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау камераларының жұмысына мұқият тексеру жүргізу бойынша тапсырма берілді.

 

Облыс әкімінің орынбасары төрағалық ететін Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясына кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу жүктелді.

 

Айта кетейік, Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектеп қызметкерлеріне қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста