Ақмолада 15 мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген

Ақмола облысы Біржан сал ауданының прокуратурасы оқушылардың сапалы орта білім алу құқықтарын қорғау мақсатында Білім туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізген болатын. Нәтижесінде жалған дипломмен сабақ беріп жүрген 15 мұғалім ұсталды, деп хабарлайды oinet.kz порталы.

Орта-арнайы білімі бар педагог қызметкерлер әртүрлі кезеңдерде лауазымдық жалақыларына үстеме алу мақсатында ауданның жалпы білім беретін мектептеріне жоғары білім туралы жалған диплом берген,

«Бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру, математика және еңбек мұғалімдері жалған дипломмен сабақ өткізген. Жалған құжатты қолданғаны үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі бойынша 15 мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды»,- делінген хабарламада.

Кінәсін мойындағанын және өкінетінін ескеріп, сот әр педагогке 10 АЕК (25 250 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Қылмыстық іске байланысты тексеріс жалғасын табуда.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста