Ақмола облысы мұғалімінің элективті бағдарламасы Қазақстан бойынша ең үздік деп танылды

«Үздік авторлық бағдарлама-2015» сайысында Ақмола облысының мұғалімдері бақ сынады, деп хабарлайды BNews.kz.
Бүгінгі таңда Елбасымыз Н.Назарбаев алға қойған Қазақстанды әлемдік стандарттарға сай білім орталығына айналдыру мақсатын жүзеге асыруда мұғалімдер қауымының орыны ерекше екені баршамызға мәлім.

Республикалық «Дарын» ғылыми-зерттеу орталығы Алматы қаласында бірнеше жыл дәстүрге айналған «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық сайысын өткізді. Әр өңірден келген мұғалімдер қауымын «Алатау» шипажайы қарсы алды. Бұл сайыс еліміздегі ұстаздар қауымының кәсіби беделін арттырып, дарынды балалармен жұмыс жасау барысындағы инновациялық әдістерді пысықтап, кәсіби шеберлікті дамыту мақсатымен ұйымдастырылады. Шараға еліміздің барша өңір мұғалімдері қатысқан.

«Ақмола Медиа Орталығы»-ның хабарлауы бойынша ұстаздар қауымы тек сайыстың әр кезеңінен өтіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс барысында педагогика саласындағы сарапшы мамандардан жоғары баға алған. Шараға қатысушылар өзара тәжірибие алмасып, оқыту саласындағы жетістіктерімен бөлісіп, нәтижесінде білімдерін жаңартып, ынталарын арттырып қайтқан. Жас мамандар мен талай тәжірибие жинақтаған бас мамандардың бірге жұмыс жасауы жоба барысында өз жемістерін көрсетті. Ұстаздар қауымы әр іске шығармашылық көзқараспен қарай білді.

Ақмола облысы атынан 10 ұстаз бақ сынаса, соның ішінен суырылып шығып көкшетаулық шет тілі мұғалімі Шапенова Гауһар (2-орын) және тарих пәнінен тәлім беретін астаналық әріптесі Елена Макурина (3-орын) алдыңғы қатардан көрінген екен.

«Ең үздік элективті бағдарлама-2015» сыйлығы болса астаналық мұғалім Жанар Құлмағамбетованың еншісіне бұйырып, «Өз ісінің шебері» атағына Аягөз Оразбаева лайық деп танылған екен. Ұлағатты ұстаз бен тәрбиелі шәкірттер еліміздің нұрлы болашығының кепілі деп сенеміз.
 bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста