Алматының ең әдемі аруы анықталады

Алматының ең әдемі аруы анықталады

Таяуда Қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Қыз – елдің көркі» бағдарламасы бойынша мектеп оқушыларының «Ең әдемі ару» атты қалалық байқауы өтпек.

Қазіргі қоғамдағы әйел-ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру – аталған шараның негізгі мақсаты. Қыз баланың мектепте және мектептен тыс уақытта өзін-өзі дұрыс игере білуіне жол сілтеу, өзіндік көзқарасын дұрыс қалыптастыра білуге бағыттауда осындай игі шараларды өткізудің маңызы зор.

Байқау шарты бойынша, әрбір ауданнан 2 жеңімпаз, яғни, 14 талапкер қыз қала көлеміндегі байқауға қатынасады. Нәтижесінде Алматы қаласының мектеп оқушылары арасындағы «Қыз Жібек» номинациясы бойынша «Ең әң әдемі аруды» марапаттау мүмкіндігі туады. Ақтық сынға қатысқан өзге де аруларға түрлі номинациялар бойынша сыйлықтар табысталады.

Қатысушыларға төмендегідей талаптар қойылып отыр: Қазақ тілін терең меңгеруі, тіл байлығы шұрайлы, еркін болуы, өзге тіл өкілдері мемлекеттік тілде сөйлей білулері; Сырт-сымбаты келіскен, сымбатты, қос бұрымды болуы; Сахна мәдениетін меңгерген, дауыс интонациясы қойылған, шешен сөз шебері; Білімділік, ұшқыр ойлылық; Жан-жақтылық, өнерлілік;

Байқауға қатысушы арулар келесі бөлімдер бойынша өнер көрсетіп, бақ сынасады.

«Менің бейнем»
Сахнадағы алғашқы көрінісі – өзін-өзі таныстыру. Белгілі бір музыка ырғағында қыз бала сахнада жүріп өтеді. Қимыл-әрекеті жарасымды қозғалыспен кешкі сән үлгісін ұсынады. Бұл номинация бойынша олардың жүріс-тұрысы, сырт келбеттері және кешкі сән үлгісіндегі әдемі көйлектері бағаланады. (1,5 минут)

«Қыз Жібек»
Бұл номинация бойынша қыз балалар ұлттық киіммен шығып, сахнада жүріп өтеді және өз қалауымен кез келген халық әнінің бір шумақ қайырмасымен жанды дауыста, сүйемелдеусіз шырқайды. Бұл талапта қазақ қызына тән сұлулықтары - ұзын бұрымдары, тал мүсіндері, қазақы келбеттері және ән орындау мәнерлері бағаланады. 2 минут
« Әйел – ақын, әйел – ана»
Ақын әйелдермен ақын қыздар шығармашылығынан өлеңдер оқу. Мәселен: Ф.Оңғарсынова, К.Ахметова, М.Айтхожина, А.Бақтыгереева, Т.Толқынқызы, Ш.Жұбатова сияқты тағы басқа ақындардың өлеңдерін оқып, жазбаша түрде қазылар алқасына ұсынады. (8 шумақ, 4 жолдан құралған).
Есте сақтау қабілеті, оқу мәнері бағаланады.

«Жаны саудың – тәні сау...»
Бұл талап бойынша талапкерлер спортқа бейімділіктерін көрсетеді. Яғни, лента, доп, обруч, секірме жіп (скакалка) құралдарын пайдалана отырып гимнастикалық жаттығулар жасайды. Спорттық костюмдерінің, яғни, лосинаның сыртынан қысқа белдемше киюлері қажет. (2 минут).
«Өнер алды – қызыл тіл»
Қазылар алқасы әр талапкерге 2 сауалдан қояды. Қыздардың шапшаң ойлау қабілеті, тіл байлығы бағаланады.

Өтетін орыны:
Алматы қаласы Жазушылар үйі, Абылай хан даңғылы 105, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы. 05 наурыз, 2015 жыл. Басталуы 14.00-де.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста