Жаңа оқу жылынан бастап 1 сыныпқа баратын балалар қайтадан "Әліппені" оқиды. Апробация кезінде оқулықтың бес нұсқасы сынақтан өткізілген.
Соның ішінен ең ұтымды деген біреуі таңдалды.
Бүгінде оқулықтың жаңа нұсқасы дайын. Оның басты ерекшелігі сол, заман талабына сай жасалып отыр.
Әрбір бетінде QR-код та бар. Сол арқылы аудио мәтінді тыңдап шығуға болады.
Sputnik Қазақстан тілшілері "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығына барып, "Әліппенің" жаңа нұсқасымен танысып қайтты.