"Вакцина" сөзі мен барлық осы сөзден туған сөздер Оксфорд ағылшын сөздігіне сәйкес 2021 жылдың ең танымал сөздері деп танылды, делінген британдық сөздік хабарламасында. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Вакцина (vax) – 2021 жылдың ең танымал сөзі. Біздің тіл мамандары ағылшын корпусының деректерін зерттей бастағанда-ақ, "вакцина" сөзінің ерекше көрнекті сөз екені белгілі болды", - делінген сөздік мәлімдемесінде.
Жазбада сонымен қатар бұл сөз осы жылға дейін Оксфорд сөздігінде өте сирек болғаны атап өтілген. Қаңтар-қыркүйек аралығында аталған сөз 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72 есе жиі қолданылған.
Сондай-ақ, 2020 жылы Оксфорд сөздігі жылдың бір сөзін жыл сөзі ретінде таңдай алмағаны айтылады. Қолдану жиілігі бойынша "коронавирус" сөздері мен COVID-19 пандемиясымен байланысты құбылыстар бірге аталған, мысалы үшін, карантин, әлеуметтік ара қашықтық, furlough (коронавирустық дағдарыс салдарынан жұмыссыз қалғаны үшін төленетін өтемақы) және қықсартылған WFH (work from home-үйден жұмыс жасау) тіркесі.
Stan.kz