"Айына 180-190 мың теңге кетеді": Қазақстандық ата-аналар не себепті балаларын ақылы қосымша сабаққа беруге мәжбүр?

Елімізде қашықтан оқу басталғалы баласын ақылы қосымша оқуға беретін ата-ана саны екі есе көбейген. Мектепте тегін білім беріліп жатқанда, ата-ана неліктен баласын қосымшаға береді? Олар баласының қосымша сабақтары үшін қанша қаржы жұмсайды? Stan.kz тілшісі репетитормен тілдесіп, ата-ана уәжін тыңдады.

Ай сайын балаларын ақылы қосымша сабаққа беретін Жанар Жансейт айына қыруар қаражат кететінін айтады. 

 “Тоғыз және алтыншы сыныпқа көшкен екі балама ағылшын тілі, алгебра, физика, одан басқа гитара үйрететін репетитор жалдаймыз. Әр сабақтан, аптасына екі рет дайындалады. Айына шамамен 180-190 мың теңге кетеді. 

Күні кеше балаларымды ауыстыруға ақылы мектеп іздедік. Білім ошақтары туралы пікірлер де әрқилы. Ақылы білімнің өзі сапалы білім дегенді білдірмейді. Барлық пәнді жақсы үйретпейді. Меніңше, ағылшын, математика сияқты маңызды пәндерде репетитор көмегіне жүгінген дұрыс. Үлкен балам физика, алгебрадан көмек керек, түсінбей жүрмін деп өзі репетитор жалдауымды сұрады. Ағылшын тілінен сыныптағы балаларына қарағанда бір төбе жоғары. Білімге жұмсалған ақша ең жақсы шығын, болашаққа салынған инвестиция. Сондықтан оның нағыз пайдасын болашақта көретініне сенімдімін”, – дейді ата-ана.

Айтуынша, баланы мектеп кезінде қосымшаға берген әлдеқайда дұрыс. 

“Бәріміздің орта мектепте ағылшын тілін қалай үйреткенін білеміз. Есейе келе репетитор жалдап, курсқа барып қайта оқыдық. Ал бала кезден репетитор жалдау осының алдын алады. Жалпы бала қарапайым орта мектепте оқыған дұрыс. Білімді қосымша сабақтар арқылы толықтыруға болады. Жақсы таңдалған ұстаз балаңыздың ынтасын арттырып, аз уақытта жақсы нәтижелерге жетуіне септігін тигізеді. Мәселен, музыка мұғалімінің арқасында балам бір айда гитара аспабын меңгеріп кетті”, – дейді Жанар Жансейт.

7 жылдық еңбек тәжірибесі бар Гүлзира Ерболқызы “Нogwarts” білім беру орталығының басқарады. Бұл орталықта балаларды ҰБТ-ға дайындаудан бөлек, күнделікті мектеп пәндерінен үлгере алмай жүрген балаларға көмектесеміз дейді.

“Репетиторларға сұраныс әр жыл сайын артып келеді. Мәселен, бізге ҰБТ-ға дайындалу ниетімен күніне кемінде 10 шақты адам жазады. Ал мектептер қашықтан оқыту тәртібіне көшкеннен бері тіпті өсіп кетті. Алайда тек қашықтан оқуға байланысты деп айта алмаймын. Себебі оған дейін де репетитор іздеушілер айтарлықтай көп еді. Бізде бастауыш сыныптарға барлық пәннен, ал қазақ тілінен 3 жас пен 58 жас аралығындағы оқушыларға сабақ өтіледі. Сондай-ақ онлайн ҰБТ-ға дайындау қарқынды жүріп жатыр. Мұнда мен басқа да Алматының үздік репетиторларымен команда бола отырып, ҰБТ-ға барлық пәннен қазақ, орыс тілдерінде дайындаймыз”, –дейді ол өз жұмысы туралы. 

“Неге тегін білімнен пайда жоқ, біздің білім беру шаңырақтарында жағдай соншалықты сорақы ма?” деген сұрағымызға маман мұғалімдердің алдында отырған 20-30 балаға бірдей көңіл бөліп үлгермеуі әсер етеді деп жауап берді. 

“Бір сыныпта кемінде жиырма бала оқиды. Олардың ақпаратты қабылдау деңгейі жиырма түрлі. Қырық минуттық сабақтың он минуты ұйымдастыруға кетеді. Арғы жағын ойлай беріңіз. Барлық балаға бірдей көңіл аудару физикалық тұрғыда мүмкін емес. Ал балалардың барлығы бірдей өздері алып кетуге, ақпаратты ә дегеннен қағып алуға қабілетті емес.
Мәселен, математика, физика, химия тәрізді теориясынан практикасы көп сабақтарда балалар жиі қиналып жатады. Ал кейінгі кездері қазақ мектебінде оқып, қазақша сөйлеуге қиналатын балалардың көбеюі менің пәнімнің де сұранысын арттырып отыр”, – дейді репетитор Гүлзира Ерболқызы.

Сөзінше, репетитордың қызмет ақысы оның білімі, тәжірибесі, бұрынғы жетістіктері, оқушыларының нәтижесі байланысты. Сонымен қатар үйге барып оқыту немесе сабақтың онлайн болуына қарай келісіледі екен.

“Оқытушылар орташа есеппен сағатына 2-4 мың теңге алады. Одан төмендері де, жоғарылары да бар. Көп ата-аналарға жеке репетитор жалдау қалтасына ауыр түсіп жатады. Ал баланы оқыту керек. Сондай ата-аналар мен оқушыларға арнап мен топтық сабақтар ұйымдастырдым. Менің орталығымның мақсаты да осы: әрі ата-аналарға салмақ түспей, әрі мықты репетиторлармен дайындалсын деген ниет”, – деді ол. 

Маман қосымша сабақтың нәтижесі де әртүрлі екенін жасырмайды. 

“Әр баламен нәтиже әртүрлі. Өз тәжірибемде мектептен үші мен төрті аралас оқушылар 1 тоқсанның ішінде үштерін төртке, төрттерін беске көтеріп, озат үлгерімге жақындағандары да болды. Ондай нәтижеге жылдап жүріп жеткізгендерім де баршылық. Оқушының қабылдауы мен интеллект деңгейіне байланысты. Бірақ репетитор білікті болса, жылдам немесе баяу түрде, әйтеуір бір нәтижеге міндетті түрде жетеді. Өз тәжірибемнен тағы да айтайын, бізге ҰБТ-ға дайындалуға келгенде алғашында 50-60 баллдың төңірегінде жинап жүріп, толық дайындық курсынан кейін 100-110-ға көтерген түлектер аз емес”, – дейді репетитор. 

Мектепте берілетін білім ең маңызды дүние дейді Гүлзира Ерболқызы. Дегенмен, қазіргі мұғалімдердің біліктілік сапасы көңіл көншітпейтнін де айтып қалды.

“Өз басым, ұсынылып жүрген деңгейлеп оқытуды мектеп жүйесін қолдаймын. Нақтырақ айтқанда, сыныптарды әліпби  бойынша емес, оқушылардың деңгейіне қарай бөліп оқытуды жөн санаймын.

Көпке топырақ шашпаймын, бірақ мектепте сабақ беретін мұғалімдердің көбі - тек дипломдарының болуына байланысты ғана жұмысқа алынғандар. Сондықтан барлығын бірдей өз қызметіне компетентті педагог ретінде санамас едім. Алайда мектеп тәжірибесі – ең мықты тәжірибе. Ең-ең деген ұстаздар да мектептен шығады. Балалар да әртүрлі болады. Бұл жерде екіжақты еңбек пен ынтаның қосындысы – нәтижеге тең”, – дейді Гүлзира Ерболқызы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста