Ағылшын тілі – замана қажеттілігі

Ағылшын тілі – замана қажеттілігі

Күллі ғаламның технологиялық даму бағытына көш түзегеніне біршама уақыттың жүзі болып қалды. Осы аралықтағы мемлекеттің даму қарқыны да замана талабына мойынұсынып, алға қадам жасап келеді. Жаңа технологиялар дәуірімен қол ұстаса келген жас буын да төрткүл дүниедегі технологиялық төңкерістерге тоңтеріс қарамай, шама-шарқынша үзеңгі қағыстырып бағуда.
Жас ұрпақ тәрбиелеу үйдегі төрт-бес қарадомалақты жетілдіріп шығу емес. Жастарды тәрбиелеу – ұлтты, ұлттың болашағын тәрбиелеу. Санаға модернизация жасауға талпыныс білдірдік. Өйткені, келешекте ел тұтқасын ұстайтын жеткіншектердің өзге мүдделер қорғайтын идеялар жетегінде немесе артта қалушылықты қолдайтын, өткенді көксеушілік синдромы бар ойлар бұғауында емес, біртұтастық пен ұлттық бірлікті ту етер идеологияда болғаны абзал. Сонымен қатар, ұлттың ұл-қыздары әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы азаматтар қатарынан табылып, бәсекеге қабілетті болғаны жас мемлекет үшін үлкен қажеттілік.
Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тәрбиемен, білім беру ісімен, сана ашықтығымен қарқынды жұмыс жасау шарт. Жас өрендерді білімге шақыру, көңіл көкжиегін кеңейту жолына бағыттау – ұлт болашағы үшін парызды қарекет.
Бүгінгі заман – ақпарат билеген дәуір. Өткен ғасырлар межесіндегідей уақыт молшылығы, жаппай тегіншілік жоқ бүгінде. Тайм-менеджмент сынды дүниелердің игерілуі, күнделікті қолоданыста жадыңда болуы талап етіледі қазіргі уақытта.
Дүние есігін Төртінші индустриялық революция қағып тұр. Демек, жылдар мен ғасырлар ғана емес, заман ауыспақ. Даму қарқыны кезекті сатының биігіне шығып, басқа кезеңге аяқ баспақшы. Бұл сөзііз арқылы алдағы уақытта білім мен қабілет, кәсібилік пен тәжірибе секілді рухани дүниелер бәсекеге түсетінін айтқымыз келеді.
Технологиялық ашылулар, адам өмірін жеңілдететін түрлі дүниелердің жарыққа шығуы – жоғарыдағы тәмсілдерімізге айғақ.
Жаңа даму жолында жас буынға қандай талап қойылмақ? Қазіргі уақытта мемлекет мүддесіне сай жұмыс жасап жатырмыз ба?
Біз бұл сұрақтарға білім беру саласы бағытынан, яғни, жаңа заман межесіндегі ағылшын тілінің қажеттілік деңгейі турасынан жауап беруге мүдделіміз.
Ағылшын тілінің біздің жас ұрпаққа қажеттілігі айтпаса да түсінікті болар. Жас буын саналатын азаматтардың барлығына дүниежүзілік технология тілі, ашылулар тілі, жаңашылдықтармен байланыс жасау құралы болып есептелетін ағылшын тілін қосымша тіл ретінде толық меңгеруі шарт. Әйтпесе, ел білімінің сапасы да, дамудың қарқыны да кейіндей бермек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің барлық студенттеріне алғашқы 2 курс бойы ағылшын тілі мемлекеттік тілге қосымша игерілетін негізгі пән ретінде міндеттелген. Бұл міндеттемелердің алға қойған жоспарлары ойдағыдай атқарылып келеді. Студенттердің де ағылшын тілін игеруге деген құлшынысы зор.
Қазіргі уақытта ағылшын тілі соңғы буынға бастауыш сыныптан бастап, мектеп тәмәмдағанша, одан кейін университет қабырғасында үздіксіз үйретілуде. Сондай-ақ, арнайы мамандандырылған ағылшын сыныптары мен топтары да ұйымдастырылған. Бұл мақсаттардың барлығы оқу ошақтарынан оң шешім тауып, қазіргі уақытта білім базасы кеңейе түсті.


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің,
филология және әлем тілдер факультеті,
шетел филологиясы және аударма ісі
магистрі, аға оқытушысы
Габдкаримова Г.С 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста