6 жастан асқан балаларға балабақшаларға баруға рұқсат етілмейді: 7 жаста мектепке баруға бола ма?

Оқырмандарымыз  Stan.kz редакциясына “6 жасар баланы балабақшада қалдырып, 7 жасында бір-ақ мектепке беруге бола ма?” деген сұрақпен жүгінді. 

Ата-аналардың айтуынша, 6 жастағы барлық балалар мектеп жүктемесіне психологиялық тұрғыдан дайын болмайды. Алайда мектепке дейінгі мекемелердің басшылары 6 жастағы тәрбиеленушілерді балабақшаларда қалдырудан бас тартады. Бұл туралы заңда не айтылған?

Білім министрлігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру мерзімін анықтады (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы) – бағдарламаларды мектепке дейінгі игеру мерзімі - 5 жылды құрайды. 

Министрлік мектеп жасына (алты жасқа) жеткен балалар 1 тамызға дейін балабақшалардан шығарылатынын растады.

"Білім туралы" ҚР Заңының 30- бабына сәйкес мектепалды даярлық 5 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін жүзеге асады. Ал 31 мамырда аяқталады. 

Алайда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бойынша) ағымдағы жылы қыркүйек-желтоқсан айларында 6 жасқа толатын балалар үшін бұл шектеу алынып тасталынған. Яғни, олар балабақшаға немесе мектепалды даярлық сыныбына баруды жалғастыра алады.

Осылайша, егер бала 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толып алса, онда ата-аналар оны 1-сыныпқа беруге мәжбүр болады. 

ҚР Конституциясына сәйкес елімізде орта білім алу міндетті болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста