120 мың қазақстандық студент шетелде білім алып жүр

 Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 20 мың шетелдік студент білім алып жатыр. Шетелде оқитын біздің студенттердің саны көбірек – 120 мыңның шамасында. Today.kz редакциясы қазақстандық студенттер қандай елдерде, қандай мамандық бойында білім алып жатқанын анықтап көрді. Бұл тұрғыда бізге ҚР жоғары оқу орындары Ассоциациясының президенті Рахман Алшанов көмектесті.

"Ресейдің білім Министрлігінің сайтында РФ-да 100 мыңның шамасында қазақстандық студенттің білім алып жатқаны жазылған. Бірақ мынаны білген маңызды – Ресейде оқып жатқандардың көбі Қазақстанда тұрады. Дистанциялық түрде оқып жатыр. Кеше біз Қытайда болдық. Олардың білім Министрлігі 17 600 студентіміздің оқып жатқанын айтты. Ханчжоуда бір университетте ҚР-ның 100 студенті оқиды, басқа университеттерде 300 студент білім алып жатыр", – деді Рахман Алшанов.

Рахманның сөзінше, Оңтүстік Кореяда қазақстандық 1600 студент бар, мыңға жуық отандасымыз Лондонда.

Қытайда қазақстандық студенттер Ханчжоуда, Үрімшіде, Хайнаньда, Бейжің мен Шанхайда көп, Ресейде Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Самарада, Новосібірде, Томскта, Омскта, Барнауылда біраз қазақстандық бар. Ресейдің жоғары оқу орындары шетелден студенттерді көп шақырады.

"Сол жақта оқитын студенттердің көбі жұмыс тауып, сонда қалып жатады. Қытайда негізінен коммерцияда оқиды. Кейін Қытайда сауда жасау үшін сияқты. Кореяда халықаралық бизнес, ақпараттық технологияда оқиды", – деді Алшанов.

Қазақстанда 20 мың шетелдік студент оқиды. Олардың көбі Үндістаннан, олар дәрігер мен металлург мамандықтарында білім алып жүр.

"Үндістаннан келген үш мың адам медициналық мамандықтарда білім алады. Ол елде 230 университет болса да, университет жетіспегендіктен, олар бізде оқиды. Көбі Асфендияров атындағы мединститутта оқиды", – деді Алшанов.

Одан бөлек, ҚР жоғары оқу орындары Ассоциациясы Үндістанда шетелдік студенттерді тарту орталығын ашқан.

Қазақстанда Ресейден, Тәжікстаннан, Өзбекстан мен Моңғолиядан келген студенттер көп.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста