Маңғыстау мұнайы – ел ырысы

Маңғыстау мұнайы – ел ырысы

Қарт Каспий жағасындағы аймақ мұнайшылардың кәсіби мерекесі мен Маңғыстау мұнайының өндіріле бастағанына 52 жыл толуын салтанатпен атап өтті. Шалғайдағы кеніштерде, вахталық қалашықтарда бастау алған мерекелік шаралар облыс орталығы Ақтауда қорытындыланды. Мерекелік кеште кенді аймақтың барлық түкпірінен жиналған мұнайшыларды облыс әкімі Алик Айдарбаев арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Мұнай және газ өндірісі Маңғыстау об­лысы экономикасының ең негізгі саласы са­налады. Аймақтық жиынтық өнім көр­сет­­кішінде бұл саланың үлесі 52,2%-ды құ­райды. Ал облыс экономикасында бар­лық жұмысқа тартылғандардың 24%-ы осы көмірсутегі шикізатын өндіру сала­сын­да қызмет етуде. Осы мыңдаған мұнайшы үшін биылғы мереке ерекше атап өтілді деуге болады. Алдымен еңбек ұжымдары­ның өзінде, әрбір вахталық қалашықтарда ар­найы мәдени-спорттық шаралар ұйым­дас­тырылды. Бұл шаралар меншік иесіне қара­мастан, облыс аумағында орналасқан 30 мұнай өндіруші компания мен 20 шақ­ты сервистік қызмет көрсету мекемелерінің бәрінде де өтті. Одан кейін іс-шаралар қар­қын алып, мекемелер арасындағы спорт­т­ық спартакиадаға, мұнайшы көр­кем­өнерпаздар арасындағы жарысқа ұлас­ты. Бұл істе тиісті қаражат бөліп,  ме­реке­лік шаралардың ауқымды өтуіне үлкен үлес қосқан облыстағы ірі компаниялар – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзен­мұ­найгаз» АҚ, «Қаражамбасмұнайгаз» АҚ, «Бозащы оперейтинг лтд» компания­ла­рын ерекше атап өту қажет.
Жалпы, биылғы мерекеге облыс мұнай­шылары үлкен табыстармен келіп отыр. Аймақта қара алтын мен газ өндіру ісі тұрақтанды. Биылғы жеті айдың қоры­тындысы бойынша облыста 8,9 млн тонна мұнай өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ға орындалды. Қара алтын өндіруде өндіріс қарқыны мен еңбек өнімділігін арттырған  «Өзенмұнайгаз» АҚ еңбеккерлерін ерекше атап өтуге болады.
«Дегенмен бұл тоқмейілсуге болады дегенді білдірмейді. Аймақ мұнайшылары алдында көптеген міндеттер тұр. Әсіресе геологиялық барлау жүмыстарын барынша жандандыруға тиіспіз, мұнай өндіруде жаңа технологияларды өндіру де – кезек күттірмейтін мәселе», – деді облыс орта­лығында өткен қорытынды жиында сөз алған аймақ басшысы Алик Айдарбаев.
Осы салтанатты шарада әкім көптеген мұнайшыларды тиісті наградалармен ма­рапаттады. Атап айтқанда,  облыс басшы­сы­ның қолынан «Өзенмұнайгаз» АҚ элек­тро­монтері Аманжан Торғаев «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төс­белгісін алса,  ардагер мұнайшылар Ана­толий Березин, мен Болболат Ізтұр­ғанұлы,   «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұ­мыс­­кер­лері Аманберді Қонысбайұлы мен Илияш Тасболатова, «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлері Қуаныш Өскімбаев, Бисен­бай Қаржаубаев, Ұлықпан Медеуов, Рах­ман­берді Исмағамбетов, Шаринат Па­сыров­тар, «Қаражамбасмұнай» АҚ жұ­мысшысы Ақмұрат Шамиев,  «Бозащы оперейтинг лтд» компаниясының өкілі Борис Дошиков, «ҚазМұнайТеңіз» АҚ қыз­мет­кері Қалмұрза Бүркітов, «Емір-Ойл» ЖШС өкілі Төремұрат Жармағамбетов, «Кен-Сары» ЖШС өкілі Разағұл Айбазаров және тағы басқалар Маңғыстау облысы әкі­мі­нің Құрмет грамотасымен марапаттал­ды.
Жиын соңында аймақ басшысы Маң­ғыстау мұнайшыларының алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды.
– «Біздің мұнайшыларды енді теңіз қай­раңын игеру бағытындағы аса маңыз­ды да қиын жұмыс күтіп тұр. Бүгінде «Ха­зар» атты кен орнында геологиялық зерт­теу жұмыстары жүргізілуде. Ондағы қара ал­тынның қоры 30 млн тонна болады де­ген жорамал бар. Сондай-ақ осы маңдағы «Әуез­ов» кен орнынан да мұнайдың белгі­лері анықталды.  Міне, біз бәріміз бірлесіп осы қара алтын қорын игеру арқылы  Қа­зақ­станның байлығын арттыра беруге тиіс­піз», – деді Алик Айдарбаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста