Жаңарған Porsche Cayenne Қазақстанда қанша тұрады

Жаңарған Porsche Cayenne Қазақстанда қанша тұрады

Рестайлингтен өткен үшінші буындағы Porsche Cayenne-нің жарық көргеніне бір ай болған жоқ, соған қарамастан марканың Қазақстандағы дилері модельге тапсырыс қабылдауға дайын, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Cayenne-нің біздің елге мұнша ерте келгеніне таңғалудың қажеті жоқ. Кроссовер бестселлер саналады. 2022 жылы елде 300-ге жуық машина иесін тапты, BMW X5-тің өзі мұндай көп өткен жоқ.

 

 

 

 

Біздің елде Cayenne мен Cayenne Coupe үш жиынтықта сатылады: стандарт машина 353 ат күшіне ие турбомотормен жүреді. Марка S нұсқасын V6 емес, V8 моторымен жабдықтады, қазір оның қуаты 34 күшке (474 ат күші мен 600 Нм) артты. Сондай-ақ 470 ат күшіне ие гибрид түрленімі бар, машина электрлі режимде 90 км жол жүреді.

 

 

 

 

Ең қарапайым Cayenne-нің бағасы Қазақстанда 119 мың еуродан (58.3 млн теңге) басталады. Рестайлингтен өткен кроссовердің стандарт жабдықтар тізімінде матрицалы жарықдиодты шам, PASM аспаны басқару жүйесі, 20 дюймдік дөңгелек дискісі, бірқатар электронды көмекші және индукциялы смартфон қуаттағыш бар. Одан бөлек бағасын айтарлықтай жоғарылататын бай опциялар тізімі болады.

 

Cayenne S кем дегенде 148 мың еуро (72.4 млн теңге) тұрады. Ал E-Hybrid түрленімі 135 мың еуроға (66.1 млн теңге) бағаланып отыр.

 

Қазақстанда автомобиль шілдеде клиенттердің қолына тиеді.

 

Олжас Оқас алғашқылардың бірі болып жаңарған Porsche Cayenne-ді тізгіндеді. Толық мәлімет алу үшін арнамызда жаңа шыққан шолуды тамашалаңыздар.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста