Жаңа Toyota Sequoia қанша тұрады
Бұл ұқсас класты Chevrolet Tahoe мен Ford Expedition-нан қымбат, - деп хабарлайды Аlashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басында таныстырылған үшінші «Секвойяның» бағасы 58 300 доллардан басталады, базалық нұсқа болғанымен, өте жақсы жабдықталған Sequoia SR5 (Toyota Safety Sense 2.5 көмекшілер кешенінің толық жинағы, тұрақ көмекшісі, үш аймақты климат-бақылау, 8 динамигі бар аудиожүйе, жылытуға болатын орындық және т. б.) осынша тұрады. Бұл ұқсас класты Chevrolet Tahoe мен Ford Expedition-нан қымбат.
Toyota Sequoia SR5
Sequoia Limited 64 700 долларға сатылады. Ол 20 дюймдік дөңгелек дискісі, толық өлшемді 14 дюймдік мультимедиа экраны, сәуле шашатын ортаңғы консоль, электр жетегі бар орындық және т. б. мүмкіндіктерімен мақтана алады.
Toyota Sequoia Limited
Ал 70 900 долларға Sequoia Platinum түрленімін таңдаған клиент жоғарыда аталған жабдықтарға қосымша жарықдиодты оптика, жаңбыр сезгегі бар әйнек сүрткіш, жылытуға және желдетуге болатын былғары орындық, панорамалы шатыр, барлық бағытта реттелетін рөл, цифрлы артқы көрініс айнасы, 14 динамигі бар JBL аудиожүйесі және Tow Technology тіркеме сүйреу көмекшісін алады.
Toyota Sequoia Platinum
Люкс жиынтықтағы Sequoia Capstone-ның бағасы — 75 300 доллар. Қосымша жабдықтар тізіміне сәнді декор, 22 дюймдік дөңгелек дискісі, электр жетегі бар табалдырық, былғары орындық, салон тыныштығын қамтамасыз ететін акустикалық әйнек, 10 дюймдік түрлі түсті дисплей және басқалар кіреді.
Toyota Sequoia Capstone
Ең қымбат Sequoia TRD Pro толық жетекті болғандықтан жолсыз жермен еркін жүйткиді (басқалар үшін бұл опция 3 доллар тұрады), оған күшейтілген аспа, 33 дюймдік Falken Wildpeak шинасымен қапталған 18 дюймдік BBS дөңгелегі орнатылған. Бағасы Capstone-нан жоғары болғанымен (76 900 доллар) салоны бірқатар сәнді опциядан қағылған, есесіне ол әлдеқайда спорттық сипатта көрінеді.
Toyota TRD Pro
Toyota Sequoia жазда сатыла бастайды. Жол талғамайтын көліктің екінші буыны 50.4–69.7 мың доллар тұратынын ескерсек, машина барлық жиынтықта 8 мыңға қымбаттаған.