Жаңа Toyota Alphard-тың сырт пішіні қандай болады

Жаңа Toyota Alphard-тың сырт пішіні қандай болады

Желіде жаңа Toyota Alphard-тың фотосуреті тарады. Әлі тұсаукесері өтпеген модельдің суреттерін AutoHome басылымы жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Alphard бұрынғы стилін сақтағанымен, ұсақ деталінде өзгеріс көп. Мысалы, минивэнге бұрынғыдай ірі, бірақ басқаша радиатор торы мен жаңа бампер орнатқан. Терезе астындағы сызық артқа қарай созылып жатыр, ал ортаңғы тірек тұсында ирек пішін көзге түседі.

 

Артқы оптикасы бұрынғыдай үлкен, бірақ пішіні өзгеше, қанатындағы ерекше қатпардың арқасында артқы жағы тікбұрышты болып көрінеді. Спойлерін де сақтап қалды.

 

 

Alphard-тың интерьері қандай болатыны қазірше белгісіз. Фототыңшылар екінші қатар орындығын ғана суретке түсіре алды. Онда жеке реттеуге болатын кең диван тұр, соған қарағанда бұл минивэннің ең үздік комплектациясы сияқты. Alphard-та неғұрлым қолжетімді диван болатын шығар.

 

Инсайдерлер Қытайда минивэн 2.4 литрлік турбомотор және 2.5 литрлік атмосфералы мотор негізгі болатын гибрид күштік құрылыммен сатылатынын айтады, агрегат тек вариатормен жұмыс істейді. Бұрынғыдай алдыңғы және толық жетекті түрленімі шығады.

 

Бұған дейін желіде Vellfire деп аталатын тағы бір Toyota минивэнінің суреті тараған. Спорттық стильдегі сырт пішінін айтпағанда бұл модель Alphard-пен ұқсас болады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста