Жаңа Lexus TX сынақтан өтіп жатыр

Жаңа Lexus TX сынақтан өтіп жатыр

Америкада Lexus компаниясы TX-тің үлкен прототипін сынаққа шығарды. Motor1 бүркелген машинаның фототыңшылар түсіріп алған суретін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Сынақтан өтетін кроссовер шанақтың пішінін дұрыс көрсетпейтін ауыр камуфляжбен қапталған. Бірақ басылым Lexus TX донорына ұқсамайды деді.

 

Lexus TX ірі Toyota Grand Highlander-дің аса сәнді нұсқасы болады деген болжам бар. Премиум бренд кроссовердің ақпараттық тақтайшасын ауыстырып, салонын қымбат былғарымен қаптап қана қоймай, алдыңғы бөлігіне маркаға тән радиатор торы мен жаңа оптика орнатады, арт жағы да «тойотаға» ұқсамайды.

 

 

 

 

Артқы бөлігіндегі ерекшелікті бірінші тизерден байқауға болады. Grand Highlander суретімен салыстырсақ, TX-ке арнайы шам орнатқан, қанаттары мен шанақтың артқы тұрпаты ерекше көрінеді. Lexus ұсынған нұсқада қорғаныс бастырығы болмайды.

 

Компания көліктің техникалық сипаттамасын, мотор гаммасы туралы да ашып айтпай отыр. Бірақ бұдан ертерек Lexus АҚШ-та TX350, TX550h және TH550h+ индекстерін тіркеді. Демек кроссовер үш күштік құрылыммен жабдықталады. Агрегаттың екеуі гибрид болады. Жаңа машина биыл күзде шығады. Донор мен сынақ үшін таңдалған жерден ТХ-тің қай елде сатылатынын аңғару қиын емес. Оның үстіне америкалық дилерлер көптен бері үш қатарлы кроссовер шығаруды сұрап жүрген.

 

Lexus TX топтамадағы ескі RX L-дің орнын басады. Кроссовер Lexus GX-тің жанама ізбасары болады деп болжанған еді, бірақ компания көліктің суретін жариялап, желдей ескен сыбыстарға нүкте қойды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста