Жаңа Lada Granta Sport қуатты болады

Жаңа Lada Granta Sport қуатты болады

Lada Granta-ның Sport нұсқасы 2010 жылдардың басында жарық көріп, 2018 жылы топтамадан шығып қалды. Қазіргі дағдарысқа қарамастан зауыт спорттық түрленімді қайта шығаруды жоспарлап отыр, көліктің прототипі дайын. «За рулём» журналының бас редакторы Максим Кадаков қуаттырақ мотормен жүретін жаңа өнім жазда нарыққа шығатынын айтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандар Lada Granta Sport-ты бұрынғы әдіспен жасайды, автомобильді жаңа аэродинамикалық бастырық және басқа аспамен жабдықтап, салонын спорттық стильде әрлейді. «Грантаның» спорт нұсқасына басқа амортизатор мен серіппе орнатады.

 

Капот астындағы 1.6 литрлік мотор сәл жақсартылады. Ол жаңарған енгізу жолы және жаңа басқару блогымен жабдықталған. Нәтижесінде қозғалтқыш қуаты 120 ат күшіне жетеді, ал бұрынғы Granta Sport 114 ат күшіне ие мотормен жүретін. Трансмиссияда өзгеріс жоқ — 5 сатылы механика қала береді.

 

Рестайлингке дейінгі Granta Sport-тан айырмашылығы, жаңа нұсқа седан ғана емес, лифтбек шанағында да шығады. АВТОВАЗ Granta Drive Active моделінен бас тартпайды, бірақ Granta Sport одан қымбатырақ болады. Қазір «Грантаның» ең үздік нұсқасы 809 900 рубль (4.8 млн теңге) тұрады.

 

Сондай-ақ Vesta NG моделінің седан және универсал шанағындағы қуатты нұсқасы болады. Ол сатылымға қашан шығатыны қазірше белгісіз.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста