Жаңа Chevrolet Traverse 2.5 литрлік турбомотормен жүреді
Chevrolet компаниясы Traverse кроссоверінің жаңа буынын таныстырды. Автомобильдің шанағы Suburban және Silverado стилінде жасалыпты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Chevrolet Traverse RS
Салонда 17.7 дюймдік медиажүйе экраны мен 11 дюймдік цифрлы аспаптар панелі назар аудартады. Инженерлер бұрыннан таныс климат басқару блогын сақтап қалды.
Traverse нұсқасына байланысты жеті немесе сегіз орынды болады.
Қымбат түрленімінде екінші қатарда бөлек кресло бар.
Компания орындықты бүктеген кезде жол талғамайтын көліктің жүксалғышы 2764 литр болатынын хабарлады.
Traverse-тегі басты техникалық жаңалық капот астында жатыр. Автомобиль 319 ат күші мен 429 Нм момент беретін 2.5 литрлік турбомотормен жүреді. Агрегат 8 сатылы автоматпен жұмыс істейді, машина алдыңғы немесе толық жетекті болады. Traverse-тің алдығы буыны 314 ат күшіне (360 Нм) ие 3.6 литрлік атмосфералы V6-мен жабдықталған.
Cherolet Traverse Z71
Сондай-ақ Traverse-тің Z71 индексті арнайы жол талғамайтын нұсқасы шығады. Машина жалпақ дөңгелек, қайта бапталған аспа және 18 дюймдік дискіге қапталған бұдырлы шинамен ерекшеленеді, клиренсі сәл биіктейді. Traverse Z71 толық жетекті жүйе және машинаның жолсызбен жүру мүмкіндігін жақсартатын электронды көмекшілермен жабдықталған.
АҚШ-та жаңа Traverse 2024 жылдың басында сатылымға шығады. Автомобиль Қазақстанға келуі мүмкін. Жол талғамайтын көліктің қазіргі буыны елімізде ресми сатылып жатыр. Бағасы — 33 млн теңге.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz