Volkswagen жаңарған Touareg-ті таныстырды

Volkswagen жаңарған Touareg-ті таныстырды

Volkswagen кроссовердің жаңарған нұсқасын көрсетті. Рестайлинг 2018 жылдан бері шығып жатқан машинаға сұранысты арттыруға тиіс, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандар автомобильдің рең-басын түзеп, мультимедиасын жақсартты, аспасын қайта баптады. Германияда бағасы 69.2 мың еуродан басталады.

 

 

Жарық техникасы L пішінді, алды-артында жарық жолақтар бар. Артқы логотип жанып тұрады. Touareg брендтің логотипі жанатын Еуропадағы алғашқы моделі болды.

 

Негізгі оптикасы толық жаңарған, ол IQ.Light HD деп аталады. Әр шамы 20 мыңға жуық микродиодтан тұрады. Жарық көздерінің бұлай шоғырлануы қарсы беттегі жүргізушілердің көзін шағылыстырмай, сапалы жарық шығаруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Бампері мен радиатор торы да жақсарды, көлемі 22 дюймге жететін (R нұсқаға арналған) дискілерінің дизайны өзгерді. Серіппелі стандарт аспа мен опция ретінде ұсынатын пневматикалық аспа жүрісті барынша жайлы ету үшін қайта бапталған. Touareg белсенді тұрақтағыш қолдану мүмкіндігі мен толық басқарылатын шассиін сақтап қалды. Тағы бір жаңалық — шатырға түскен жүктеме сезгегі, оның дерегін бағыт тұрақтылығын сақтау жүйесі қолданады.

 

 

Салон Innovision Cockpit концепциясына сай жабдықталған. Жаңарған кроссовер ішінде 12.3 және 15 дюймдік екі ірі экран бар. Бірі аспаптар панеліне, екіншісі медиажүйеге тиесілі. Бағдарламасы жаңарған жүйе ақылды бола түскен. Мәселен, навигация енді анағұрлым ауқымды карталармен жұмыс істей алады, Android Auto мен Apple CarPlay сым тартуды қажет етпейді, ал дыбыстық көмекшінің функциялары көбейді. Гаджет қуаттайтын USB-порттар да жақсарған.

 

 

 

Volkswagen Touareg R-Line

 

Мотор гаммасына қатысты ақпарат жоқ. 2020 жылы дизельді V8-ден арылған Touareg бірнеше нұсқасы бар 6 цилиндрлі мотормен жүреді. Базалық бензинді қозғалтқыш 340 ат күшін берсе, дизельді азық ететін алты клапанды агрегаттың бойында 231 не 286 арғымақтың қуаты бар. Марка гибридтен де кенде емес. Олардың бірі — 381, екіншісі 462 күшке ие. Ең мықты күштік құрылымды R eHybrid түрленіміне орнатқан. Бренд одан бөлек R-line нұсқасын әзірледі. Барлық қозғалтқыш 8 сатылы автоматпен және толық жетек жүйесімен жұмыс істейді.

 

 

 

Volkswagen Touareg R eHybrid

 

VW электромобиль өндірісіне ден қойғанын ескерсек, бұл Touareg-тің дәстүрлі мотормен жүретін соңғы нұсқасы болуы мүмкін. Алда модельді не күтетіні белгісіз, бірақ бірнеше жылдан кейін оның орнын батареялы көлік басса таңғалмаймыз. Volkswagen биыл Passat универсалы мен өзгерген Tiguan-ды нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Олар да компанияның іштен жанатын қозғалтқышы бар соңғы өнімі атанатын шығар.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста