Toyota Crown топтамасының үш жаңа моделін көрсетті

Toyota Crown топтамасының үш жаңа моделін көрсетті

Toyota Crown седаны жеке модельдік топтамаға айналатыны жаңа буынның тұсаукесері кезінде белгілі болды. Бірақ ол кезде компания кросс-седан туралы ғана айтқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Енді Crown-ның бір-біріне ұқсамайтын өзге түрленімдерінің суретін көрсетіп, кейбір сипаттамасын жариялады.

 

 

Crown Sedan

 

Crown Sedan деп аталатын классикалық седан топтамадағы ең үлкен көлік болады, оның ұзындығы — 5030 мм. Бұл нұсқа алдыңғы буындағы Crown идеологиясын жалғастыратын сияқты, жақсы жабдықталған салоны мен кең артқы диваны бар консервативті автомобиль болады. Екінші қатарда қосымша функцияларды басқаруға арналған сенсор панелі бар үлкен шынтақ тірегіш болады.

 

 

Crown Sport

 

Toyota Crown Sport — сырт пішіні көз тартатын, салоны спорттық стильде әрленген бес есікті хетч. Мұндай Crown-ға мамандар былғарымен қапталған рөл және бас тірегіші мен бүйірлік тірегіші бар кресло орнатады. Ұзындығы 4710 мм хетчбэк Crown топтамасындағы ең шағын машина саналады.

 

 

Crown Estate

 

Ал универсал бастырығы мен сәл биік клиренсінің арқасында топтамада кроссовер рөлін атқарады. Toyota Crown Estate седаннан сәл қысқа (4930 мм), бірақ үлкен жүксалғышымен мақтана алады.

 

 

Барлық Crown гибрид күштік құрылыммен жабдықталады. Crown Sedan-ның жылыту элементтері бар нұсқасы болады. Седан мен хетчбэк нарыққа биыл күзде шығады. Ал универсал 2024 жылы жарық көреді. Toyota бір жылда 200 мың Crown сатуды жоспарлап отыр.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста