Toyota Century-дің алғашқы суретін жариялады

Toyota Century-дің алғашқы суретін жариялады

Көптен бері ел арасында жүрген гу-гу әңгіме расталды. Toyota Rolls-Royce Cullinan мен Bentley Bentayga клиенттерінің бір бөлігін өзіне қарату үшін Century кроссоверін дайындап жатыр. Жаңа буындағы Alphard, Vellfire минивендерін таныстырған кезінде жол талғамайтын машинаның алғашқы фотосы көзге түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Кроссовердің сұлбасын компания өкілдері Toyota-ның келешегі бар жұмыстар бөлімінде көрсетті. Ешқандай техникалық мәлімет жоқ. Бірақ компания 50 жылдық тарихы бар Century суббрендін үлкен өзгеріс күтіп тұр деді.

 

 

Инсайдерлер таратқан біраз ақпараттың бірінде Century Land Cruiser 300-ден ірі, ұзындығы кем дегенде 5.2 метр болады делінген. Ол Grand Highlander платформасына негізделеді, бірақ Century экстерьерінің дизайны ерекше, екінші қатарда екі креслосы бар салоны аса сәнді болады. «Гранд Хайлендер» үш қатарлы екенін ескерсек, Century иелеріне кең салон бұйыратын сияқты.

 

Жаңа модельдің сырт пішінін қазіргі Century-ге ұқсатып жасайтын сияқты. Кроссовер сыртындағы қырлы орамымен, терезе алдындағы көлденең сызығымен, жалпақ артқы тіреуімен ерекшеленеді. Мамандар жол талғамайтын Century-ге седанның моторын қоймайды, оған Lexus TX-ке арналған гибрид күштік құрылымдардың бірін бейімдеп орнатуы мүмкін.

 

Сentury-ді «Тойотаның» имиджін жақсартып, суббрендті дамыту үшін шетелдік нарыққа шығарады деген болжам бар. Жапонияда модель беделді седан ретінде сатылады. SUV тұсаукесері осы жылдың аяғында өтеді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста