Toyota Alphard-тың жаңа буыны қандай болады

Toyota жаңа буындағы Alphard-тың тұсаукесері туралы ресми ақпарат берген жоқ. Бірақ AutoHome басылымы дилерлер конференциясы кезіндегі презентациядан бірнеше сурет жариялады. Онда жаңа өнімнің шанақ дизайнының бірнеше деталі мен интерьері көрінеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Суреттен өзгеше жарықдиодты сызбасы бар артқы шам мен терезе астындағы сызық байқалады. Инсайдерлердің айтуынша TNGA платформасында жасалған жаңа Toyota Alphard қазіргі буынынан сәл қысқа әрі аласа болады, бірақ дөңгелек базасы қазіргіден ұзын. Соның арқасында салоны кеңейеді.

 

 

 

 

 

Alphard интерьерінің алдыңғы бөлігі жаңа Crown және Tundra стилінде жасалған. Минивэнде ортаңғы консольде дербес орналасқан үлкен медиажүйе экраны мен екі физикалық реттеуіші бар сенсорлы панель болады. Цифрлы аспаптар панелі бар, рөл дизайны жаңарған. Инсайдерлер Alphard-тың жабдықталу деңгейі Lexus модельдерімен шамалас болатынын айтты.

 

Презентацияда компания минивэннің ортаңғы қатарда екі бөлек креслосы бар нұсқасын көрсетті. Оларды жаңа өнім үшін арнайы жасаған. Әр жолаушыда орындық параметрін реттеуге арналған сенсорлы панель болады. Бұл нұсқаның үлкен панорамалы шатыры болады.

 

Жаңа өнім өз елінде 2.5 литрлік бензинді мотор негізгі болатын 200 ат күшіне ие гибрид күштік құрылыммен жабдықталуы мүмкін. Ол вариатормен жұмыс істейді, толық жетек жүйесін опция ретінде ұсынады. Жаңа Alphard биыл мамырда жарық көреді. Демек минивэн тұсаукесері алдағы бірнеше айда өтетін сияқты.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста