«Тойотаның» жаңа кроссовері

«Тойотаның» жаңа кроссовері

Жуырда Toyota Үндістан нарығына арналған Urban Cruiser Hyryder моделін таныстырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл машина Vitara-ның қазіргі буыны секілді Suzuki Global C платформасына негізделген. Сондықтан «тойотаның» «Витараға» ұқсас тұстары аз емес. Бірақ көлемі жағынан Urban Cruiser Hyryder ірілеу. Дөңгелек базасы — 2600 мм, ұзындығы — 4365 мм, ені — 1795 мм, ал биіктігі — 1635 мм.

 

 

 

 

 

Салонда екі өндірушіге де тән дүниелер кездеседі. Мысалы, рөлі мен климат жүйесін басқару блогы Suzuki-ді еске салады. Жабдықтар тізімінде дисплей, 9 дюймдік экраны бар медиажүйе, панорамалық шатыр, айнала шолу камералары, алдыңғы әйнекке түсетін проекция және т. б. бар.

 

 

 

 

 

Urban Cruiser Hyryder гибрид, дегенмен бензин-электрлі нұсқасына тапсырыс беруге болады. Қарапайым көліктер 48 вольттық стартер-генераторы бар 1.5 литрлік (102 а. к.) мотормен жүреді. Клиенттерге алдыңғы не толық жетекті, механика немесе 6 сатылы автомат қорабы бар түрі ұсынылады.

 

Yaris-тен алынған күштік құрылым балама саналады. Ол да 1.5 литрлік қозғалтқышқа негізделген, бірақ электромотор және электромеханикалық вариатормен жұптасып, жалпы 115 ат күшін береді. Toyota өкілдері су жаңа модель тек электр көмегімен 25 шақырым жол жүре алатынына сенімді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста