«Тесла» суықта сыр берді

«Тесла» суықта сыр берді

Оңтүстік Кореяның монополияға қарсы қызметі Tesla Inc компаниясына 2.85 млрд вон (2.2 млн доллар) айыппұл салды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Кolesa.kz тілшісі Automotive News-ке сілтеме жасап жазды.

Олар автоөндіруші жарнамада машинаның жүріс қорын тым көбейтіп, ал қуаттауға кететін уақытты азайтып көрсетті деп санайды. Оның үстіне көлік сипаттамасында нөлден төмен температурада жүріс қорын жоғалтатыны жазылмаған.

 

Корея әділ сауда комиссиясы (KFTC) таратқан ақпаратқа сенсек, суықта Tesla көліктерінің жүріс қоры жарнамадағы көрсеткіштен 51 %-ға төмендеген. Сондай-ақ интернетте −7 °С-та мүлде қуат алмай қойған Tesla Model S туралы ақпарат тарады. Сол үшін көлік иесі Рождествоға арналған жоспарын өзгертуге мәжбүр болыпты.

 

Мұнда батареясы тозған машиналар туралы сөз болып отырғанын айта кеткен жөн. Ең ескі Model S-тің шыққанына 10 жыл болды, батареяның ұзақ уақыт бойы мінсіз жұмыс істемейтіні түсінікті жағдай. Мұндай мәселе барлық электромобильде кездеседі, қайта Tesla өзге маркаларға қарағанда жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бұған дейін Chevy Bolt, Ford Mustang Mach-E және Volkswagen iD.4 жай суықтың өзінде 30 % жүріс қорын жоғалтатыны белгілі болған, ал Tesla-ның жүріс қоры 15–19 %-ға азаяды екен. Jaguar I-Pace кроссоверінің батареясы суыққа ең төзімді екені анықталды, оның жүріс қоры небәрі 3 %-ға төмендейді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста