Шетелдік көліктерді тіркеу мерзімі қаңтар аяғына жоспарланған, алайда ақпанға созылуы мүмкін. Билік нақты күнді атамағанмен, ІІМ-ге қарайтын Әкімшілік полиция комитеті тиісті құжаттарды сол уақытқа дайындап үлгеретін сияқты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Kolesa.kz редакциясы құжат жобасынан автомобиль заңдастыруды арнайы қаулы күшіне енген сәттен бастап 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғастыру жоспарланғаны туралы мәлімет тапты.
Бұрын процесс 1 шілдеде аяқталуға тиіс болатын.
Қаулы қабылданғанша, яғни 12 қаңтарға дейін шенділер мен полицейлер «Жол жүрісі туралы» заңдағы қатені түзеуі қажет.
Құжат асығыс дайындалуы нәтижесінде заң «соңғы рет тіркелген елінде есептен алынбаған көліктерді заңдастыруға» рұқсат беруі мүмкін.