Рысқұлов бойымен қарсы бағытта жүрген пранкер жүргізушіге қандай шара қолданылды

Рысқұлов бойымен қарсы бағытта жүрген пранкер жүргізушіге қандай шара қолданылды

Жас жүргізуші мемлекеттік нөмірі жоқ «Гранта» мініп ереже бұзған сәтін әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ол қарсы бағытта жол жиегімен жүріп келе жатқанда, жолаушы салоннан видео түсіріп отырған.

 

Оқиғаны көшеден тағы бір «оператор» смартфонға жазыпты.

 

Ескерту! Видеода балағат сөздер бар.

 

 

Алматы полициясы ереже бұзған азаматты анықтады, ол Түрксіб ауданының тұрғыны екен.

 

Тәртіп сақшылары оның атына Әкімшілік кодекстің төрт бабы бойынша хаттама толтырды:

 

* 590-баптың 2-бөлігі, мемлекеттік нөмірі жоқ көлік жүргізгені үшін, айыппұл — 10 АЕК;

* 601-баптың 1-бөлігі, жол белгісі талабын сақтамағаны үшін, айыппұл — 3 АЕК;

* 606-баптың 1-бөлігі, жолда қауіпті жағдай жасағаны үшін, айыппұл — 10 АЕК;

* 596-баптың 1-бөлігі, жол ережесін елемей жол жиегінде көлік жүргізгені үшін, айыппұл — 15 АЕК.

 

Демек ол қарсы бағытта жүргені үшін жазаланған жоқ. Полиция неліктен бұзақы қарсы бағытта емес, тек жол жиегімен жүрді деп шешкені түсініксіз.

 

Жауапсыз жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған жоқ, жалпы 38 АЕК (131 100 теңге) айыппұлмен құтылды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста