Республикалық тасжолдарға проекциялық жолақтар орнатылды

Республикалық тасжолдарға проекциялық жолақтар орнатылды

Тұман, қар және жаңбыр жауғанда айқын көрінеді: республикалық тасжолдарда проекциялық жолақтар пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру аясындағы жұмыстар жалғасуда. Мәселен, Қарағанды және Ұлытау өңірлерінде төрт жаңа проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Олар "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автожолының 912 шақырымы Қарабас кентінің ішінде;

"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" автожолының 102 шақырымы Нұра кентінің ішінде; және "Жезқазған-Есіл-Петропавл" автожолының 22 шақырымында Сәтбаев қаласының қасында орнатылды.

Проекция жылдың төрт мезгілінде, ауа-райы қолайсыз болса да (қар, жаңбыр, көктайғақ) айқын көрінеді.
Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер түнгі уақытта да жолда ақ-сары жаяу жүргіншілер жолағын 150 метр жерден анық көре алады.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай проекциялық жолақтар бұған дейін Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының республикалық маңыздағы тасжолдарында орнатылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста