Ресейде Kaiyi седаны шығады

Ресейде Kaiyi седаны шығады

Калининградтағы «Автотор» зауыты қайта жұмыс бастағанын жариялап, жаңа серіктесін атады. Зауыт аса танымал емес қытайлық Kaiyi көліктерін құрастырады. Алғашқы өнім E5 седаны болады, кейін бұл қатарға бірнеше кроссовер қосылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ұзындығы 4670 мм, дөңгелек базасы 2.7 метр Kaiyi E5 көлемі жағынан Hyundai Elantra-мен шамалас.

 

Седан вариатормен жұмыс істейтін 147 ат күшіне (230 Нм) ие 1.5 литрлік турбомотормен жүреді, машина толық тәуелсіз аспамен жабдықталады.

 

 

Седан бағасы әлі жарияланған жоқ, бірақ 2023 жылдың бірінші тоқсанында сатылымға шығатыны белгілі. Бұған дейін «Автотор» вице-президенті Евгений Петухов E5-тің бастапқы бағасы комплектациясына байланысты бір миллион рубль (6.5 млн теңге) шамасында болатынын айтқан. Зауыт модельдің бірнеше нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Мысалы, каршеринг қызметі мен жеке сатып алушыға арналған нұсқасы өзара ұқсамайды. Зауыт 3 жыл немесе 150 мың шақырымға кепілдік береді.

 

 

Марканың Ресейдегі ресми сайты ашылып, болашақ Kaiyi өнімдері туралы ақпарат бере бастады. «Автотор» Chery Tiggo 4-ке негізделген X3 және X3 Pro кроссоверін құрастырады. Pro нұсқасына E5 седанымен ұқсас мотор қойылса, Kaiyi X3 116 ат күшіне ие 1.5 литрлік атмосфералы қозғалтқышпен жүреді. Марка флагманы 4.7 метрлік Kaiyi K7 Kunlun кроссовері болады. Kaiyi модельдері толық жетекті болмайтын секілді.

 

«Автотор» алғашқыда Қытайдан келген компонент негізінде ірі торапты әдіспен жұмыс істейді. Кәсіпорын өндірістің локализация деңгейін біртіндеп жақсартуды жоспарлап отыр. Зауыт қытайлық үш маркамен келісімге келген, Kaiyi солардың бірі. Бейресми ақпарат бойынша Калининградта BAIC және Dongfeng концернінің бірнеше моделі шығады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста