Қытайлық Lada топтамасында лифтбек болады

Қытайлық Lada топтамасында лифтбек болады

АВТОВАЗ аумағында FAW Bestune B70 лифтбегі көзге түсті. Автомобиль суретін «ВКонтакте» желісіндегі Avtograd News парақшасы жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл Санкт-Петербургтегі Nissan зауытында шығатын модельдердің бірі болуы мүмкін.

 

 

Bestune B70 Санкт-Петербургте шығатын жаңа модель деп ойлауға АВТОВАЗ аумағында түсірілген сурет қана емес, FAW Bestune T77 кроссовері де себеп болып отыр. АВТОВАЗ оны дилерлік конференцияда Lada X-cross 5 атауымен көрсеткен. Фотосуреттен мұндай Lada мен түпнұсқа FAW моделінің айырмашылығы радиатор торындағы эмблемада ғана екенін көруге болады.

 

 

 

 

Bestune B70 Ресейде ресми сатылып жатыр. Ұзындығы 4.8 метр лифтбек 160 немесе 217 ат күшіне ие 1.5 немесе 2.0 литрлік мотормен жүреді, олар 6 диапазонды автомат немесе 7 сатылы роботпен жұмыс істейді. Бағасы — 2 328 000 рубль (12.45 млн теңге).

 

Бұл жобада АВТОВАЗ нақты қай маркамен серіктес болатыны жайлы ресми ақпарат жоқ. Қытайлық компанияның аты аталмауы да мүмкін. Мысалы, «Москвич» зауыты JAC модельдерін шығарып жатқанын жариялаған жоқ. Қытайлық автоөндірушілер мұндай қадамға санкцияға ұшырамау үшін барып отыр деген болжам бар. Nissan Ресейден кеткен соң АВТОВАЗ меншігіне өткен «Лада Санкт-Петербург» зауыты 14 маусымда жұмыс бастайды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста