Қытайда иесіз электомобильдер тұрған алаң табылды
Қытайдың шығысында орналасқан Чжэцзян провинциясының әкімшілік орталығы Ханчжоу ауданының бірінде түсірілген атышулы сюжет желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Кадрдан жаңа және ешкім мінбеген әртүрлі маркалы (Kandi K10, Neta V мен BYD e3) электромобильдер тобын көруге болады. Машиналардың нөмірі бар екен, соған қарағанда бұл зауыт алаңы емес.
Видео авторының сөзінше кейбір автоөндірушілер мемлекеттен субсидия алу үшін тауар ешқашан сатылмайтынын біле тұра, өндіріс көлемін жасанды арттырған. Бұлай тұжырымдауға негіз бар сияқты. Бұған дейін де Қытайда аудандар құрылып, ол жаққа адамдар сол күйі қоныстанбаған. Кейін аудандарды қиратқан немесе велопрокат үшін қолданған. Нәтижесінде Шэньчжэнға жақын аймақ велосипед жазығына айналды.
Есіктеріне таңба қойылған Kandi ситикарлары жалға берілетін көліктер қатарына жатады, олар бірнеше жыл бұрын банкрот болған Microcity каршеринг кеңсесінің меншігінде болған.
Электромобильдер шығу тегіне қарамастан, тауар ретіндегі құнын жоғалтқаны анық. Батареямен жүретін машинаны жою қарапайым көлікті бөлшектеуден әлдеқайда қиын әрі қымбат екенін ескерсек, иелеріне машинаны осылай сақтау тиімді. Қытайда бос аймақ әзірге жетерлік…