Қазақстанда көлік бағасы қалай өзгеруі мүмкін? Сарапшылар пікірі

Сарапшылар әлемдегі соңғы геосаяси оқиғалар аясында Қазақстанның автомобиль нарығындағы жағдай туралы айтты. Қазақстандық автомобиль бизнесі қауымдастығының (ҚАБҚ) вице-президенті Анар Мақашева мен Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков пікірін бөлісті - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Анар Мақашеваның айтуынша, Қазақстанда барлығы 25 автокөлік маркасы бар. Оларды автосалондарға өндірушілермен тікелей жұмыс істейтін дистрибьюторлар немесе ресейлік кеңселер арқылы жеткізеді. ҚАБҚ вице-президенті бүгінде салондарда тапшылық жоқ екенін атап өтті: олардың кез келгеніне барып, көлік сатып алуға болады.

 

"Былтыр қарашаға дейін тапшылық болды және бұл пандемиядан туындаған шектеулерге байланысты. Содан кейін өндірушіден компоненттерді алу қиын болды, өйткені бұл елдерде карантин шектеулері болды немесе елдер арқылы жеткізуде қиындықтар болды. Бірақ желтоқсаннан бастап жағдай жақсарды: жеткізу тізбегіндегі біреу жеткізушіні ауыстырды және олар Қытай арқылы емес, Ресей арқылы импорттай бастады.

Енді кез келген автосалонға барып, көлік сатып алуға болады. Жалғыз кедергі қазір адамдар дүрлігудің кесірінен тез және көп сатып алып жатыр. Сондықтан сұранысқа ие көліктердің кейбір үлгілері, конфигурациялары мен түстері өте тез бітеді", - деді ол.

 

Мақашева автосалондардың бәрінде дерлік көліктер бағасы бұрынғысынша сақталып отырғанын айтты.

 

"Олар бағаны әлі реттеген жоқ, өйткені олар көліктерді ертерек сатып алған. Бұрын рәсімделгеннің бәрі бұрынғы бағамен сатылады. Бірақ кейбір автосалондар қазірдің өзінде өзгерді, мен бұл долларға немесе басқа нәрсеге байланысты екенін білмеймін. Мысалы, Ресейден көлік алатын Nissan автосалоны баға белгілерін 1,5 миллион теңгеге жоғарылатып өзгертті.

Ресейлік зауыттар Nissan-нан басқа Volkswagen, Jaguar Land Rover, Haval және Toyota Camry шығарады. Volkswagen брендтері Ресейде өндірісін тоқтататынын мәлімдеген болатын. Haval маркасында мәселе бар-жоғы әлі айтылмады. Тoyota-ға келсек, барлық модель Жапониядан жеткізіледі, тек Camry Ресейде шығарылады", - деді ҚАБҚ вице-президенті.

 

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда сатылған әрбір төртінші көлік ресейлік автокөлік зауыттарында шығарылған.

 

"Қазір біздің дистрибьюторлар ресейлік порттарда шектеулер болған жағдайда жеткізудің басқа жолдарын қарастырып жатыр. Олар басқа жеткізу тізбегіне қайта бағдарланады. Біреуін тауып, онымен келісу қиын емес, бұл саладағы адамдар кәсіби мамандар және онда бәрі ойлансытырлған. 

Бірақ тұтастай алғанда Украинадағы жағдай мен Батыстың санкциялары Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізеді. Бәріне қиын болады, бірақ автомобиль өнеркәсібінде жағдай әлдеқайда қиын. Адамдар көлікті бес жылда бір сатып алады. Ал қазір мұны кейінге шегере алады, өйткені бұл маңызды тауар емес. Сондықтан сатылым төмендеуі мүмкін", - деп болжайды ол.

 

Мақашеваның айтуынша, Қазақстанға көліктердің жаңа партиясы бұрынғы бағамен, бірақ шетел валютасымен әкелінеді. Ал сатып алушы бағам суда күні қандай болады сол бағаммен төлем жасайды.

 

Бүгінде қазақстандық автокөлік брендтері арасында Hyundai, Toyota және Chevrolet танымал. Astana Motors мәліметінше, бренд иелері Қазақстанға көлік жеткізуді шектеу туралы әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

 

Сарапшы Эдуард Эдоков күрделі геосаяси жағдайға байланысты алғашқы автокөлік нарығындағы баға жақын арада өседі деп есептейді.

 

"Көлік бағасы міндетті түрде көтеріледі. Бірақ бұл біз үшін жаңалық емес, өйткені көліктер бір жылдан астам қымбаттап жатыр. Бұған дейін пандемия, логистика бағаның өсуіне себеп болған. Осы факторлардың бәрі ескеріліп, бұл жолы бағаның 10-20 пайызға көтерілуі мүмкін. Енді күрделі геосаяси жағдайға байланысты Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты барлық нәрсе осы негізгі болжамның үстіне қойылады.

Өйткені көліктер Ресей арқылы өтті, соның ішінде Lada. Ал бұл брендті өндіруші қазірдің өзінде бағаны 20 пайызға өсіретінін мәлімдеген. Бірақ бұл шек емес деп ойлаймын, өйткені Ресейге қысым күшейіп келеді: бұл рубльдің құнсыздануы, құрамдас бөліктердің тапшылығы және т.б. Осының бәрі бағаның өсуіне ықпал етеді", - деп түсіндірді ол.

 

Сарапшының айтуынша, кейбір еуропалық маркалы автокөліктер Қазақстанға Ресей арқылы өткен ірі жиынтық тапсырыстар арқылы жеткізілген.

 

"Бұл тапсырыстың бір бөлігі Қазақстанға түсті. Қазір бұл ағын толығымен дерлік тоқтады, сәйкесінше, бұл көлік тапшылығын тудырады. Ал тапшылық, өздеріңіз білетіндей, бағаның өсуіне әкеледі. Қазір біздің логистикалық тізбегіміз бұзылды, сондықтан Еуропалық брендтерге өзіміз тапсырыс беріп, бұл көліктер Ресейді айналып өтіп, Қазақстанға қалай жеткізілетінін ойластыруымыз керек", -деді Эдоков.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста