Қазақстан нарығына арналған Toyota Corolla жаңарды

Қазақстан нарығына арналған Toyota Corolla жаңарды

Көліктің жабдықтар тізімінде торлы өрнегі бар радиатор торы, тұманға қарсы шам және қымбат нұсқасына қойылған жарықдиодты шам бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Toyota 2 маусымда АҚШ жұртына арналған жаңарған Corolla-ны таныстырған. Енді компания Еуропада сатылатын нұсқасын көрсетті. Мұндай модель Қазақстанға да келеді. Машинаны Еуропаға және бізге марканың Түркиядағы зауытынан жеткізеді.

 

Көліктің жабдықтар тізімінде торлы өрнегі бар радиатор торы, тұманға қарсы шам және қымбат нұсқасына қойылған жарықдиодты шам бар. Сондай-ақ бірнеше жаңа түс қосылды.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа мультимедиа жүйесінің экраны енді 8 емес, 10.5 дюймді болады. Тағы бір маңызды жаңалық — аспаптар панелі қызметін атқаратын 12.3 дюймдік дисплей опция ретінде беріледі.

 

 

 

Еуропада сатылатын Corolla-ның америкалық түрленімнен айырмашылығы — толық жетек жоқ. Барлық машина алдыңғы жетекті. Қарт құрлықтың көп елінде седан 1.8 литрлік бензинді мотор негізгі болатын гибрид күштік құрылыммен жабдықталған. Қуаты 122 ат күшінен 140 күшке артты. Сонымен қатар машинаға басқа литий-ионды батарея орнатылады, оның көлемі шағын әрі бұрынғыға қарағанда 18 келі жеңіл.

 

Короллaның іштен жанатын қозғалтқышы бар нұсқасы да болады. Ол Шығыс Еуропа елдерінде ғана сатылады. Мұндай машинаға 125 ат күшін беретін 1.5 литрлік 3 цилиндрлі атмосфералы мотор орнатылады. Бұл агрегаттың нарыққа шыққанына бірнеше жыл болса да, Қазақстанға келген жоқ. Біздің елде Королла 1.6 литрлік қозғалтқышпен (122 ат күші) сатылады.

 

Жаңарған Corolla Қазақстанға қашан келетіні белгісіз. Еуропада 2023 жылдың бірінші тоқсанында жолға шығады. Айта кетейік, қазір Қазақстанда Toyota Corolla-ның ең арзан нұсқасы (механика) 11.8 млн теңге тұрады. Ал үздік түрленімі дилер қосатын бағаны есептемегенде 14.6 миллионға бағаланады.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста