Өзбекстан санкцияларға байланысты Ресейге GM көліктерін жеткізуді тоқтатты

Өзбекстан санкцияларға байланысты Ресейге GM көліктерін жеткізуді тоқтатты

Өзбекстанның UzAuto Motors мемлекеттік автокөлік компаниясы санкцияларға байланысты Ресейге экспортты тоқтатты. Бұл туралы Eurasianet басылымына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі жазды,  - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

UzAuto Motors компаниясы General Motors (GM) тобының Chevrolet маркалы көліктерін шығарады. Бұл көліктер құрамына Оңтүстік Кореяда шығарылған жартылай өткізгіштер мен микросхемалар кіреді.

 

"UzAuto Ресей Федерациясына автокөліктерді жіберуді жалғастырса, Андижан маңындағы зауытқа құрамдас бөліктерді жеткізу тоқтатылар еді", - деп жазады басылым.

 

UzAuto өкілі көлік жеткізудің тоқтатылуын растаудан немесе жоққа шығарудан бас тартты. Алайда Детройттағы GM штаб-пәтері анық ақпаратты айтты.

 

"UzAuto компаниясы 2022 жылғы 9 наурыздан бастап Chevrolet автокөліктерінің Ресейге экспортын тоқтатты", - деді GM өкілі.

 

Осыдан кейін UzAuto компаниясы автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді тасымалдау үшін Ресей порттарын пайдалануды тоқтатқанын растады, бірақ Ресейге көлік сату мәселесін талқылаудан бас тартты.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста