Отандық көліктің қымбаттауына сырттан келетін қосалқы бөлшектер себеп болды

Отандық көліктің қымбаттауына сырттан келетін қосалқы бөлшектер себеп болды

Қазақстанда құрастырылған жеңіл көлік бағасының қымбаттауына шетелден келетін қосалқы бөлшектер себеп болып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды чҚазАқпараттілшісі.
Бүгін Үкімет отырысынан шыққан министрге БАҚ өкілдері отандық көлік бағасының шарықтап кеткенін алға тартып, оның себебін сұраған болатын. Министрдің сөзіне қарағанда, елімізде құрастырылатын көлік бағасының көтерілуіне шетелден келетін бөлшектердің қымбат болуы әсер етіп отыр. «Биылдан бастап әр көлік шығарып жатқан зауытқа өз бағдарламасын бекіттік. Қай жылы және қандай өнімдер (көліктің қосалқы бөлшектері) өз ішімізде шығарылуы керектігін анықтадық. Өкінішке қарай оны тез арада алмастыру мүмкін емес. Әр шығаратын қосалқы бөлшекке шетелдік зауыттан сертификат алуымыз керек. Мысалы, Хиундай көлігі болса, оның ішіне салынатын затты шығаратын болсақ, онда «сіздердің көліктеріңізге өз бөлшектерімізді салуға бола ма» деп рұқсат алуымыз керек. Ал оған ұзақ уақыт өтеді. Яғни, мәселе қолымыздан келмегеннен емес, тіркеу рәсімдері өте ұзаққа созылып жатқандығында», - деп түсіндірді Қайырбек Өскенбаев. Сонымен қатар ол құны 10 млн теңгеге дейінгі отандық көліктерді сатып алуға 4 пайыздық жеңілдікпен несие берілетіндігін атап өтті. Осы орайда тілшілер ресейліктердің қазақстандық көліктерді жаппай сатып алып жатқанын алға тартып, оларға да несие жеңілдікпен берілуі мүмкін бе екендігін сұрады. «Ең алдымен біз тек қазақстандықтарға ғана кредит береміз. Шетелдіктерге кредит берейік деп отырғанымыз жоқ», - деп жауап берді министр.
ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста