Omoda: тағы бір Chery маркасы Қазақстан нарығына шықты

Omoda: тағы бір Chery маркасы Қазақстан нарығына шықты

Chery-дің тағы бір суббренді Omoda біздің нарыққа шығатыны биыл сәуірде белгілі болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ал бүгін марка алғашқы моделі — T1X платформасында жасалған C5 кроссовері сатыла бастағанын хабарлады.

 

Автомобильдің сырт пішіні фастбэк стилінде футуристік бейнеде жасалған. Машинаны артқы шамы, көлбеу төбе сызығы және артқы тіректегі желкөз дизайнына қарап Lexus RX-ке ұқсатуға болады. Үлкен радиатор торы бар алдыңғы бампері Chery Tiggo топтамасындағы көліктерді еске салады, бірақ жалпы дизайны олардан басқаша.

 

 

 

 

Марка автомобильді екі түрлі мотормен ұсынады. Қарапайым C5 вариатормен жұмыс істейтін 147 ат күшіне ие (210 Нм) 1.5 литрлік турбомотормен жүреді, мұндай машина алдыңғы жетекті болады. Кроссовердің тағы бір комплектациясы 150 ат күшін (275 Нм) беретін 1.6 литрлік турбомотормен жүреді. Мұндай агрегат 7 сатылы робот және толық жетекті жүйемен жұмыс істейді.

 

 

Біздің елде автомобиль төрт комплектацияда сатылады. Базалық Comfort түрленімі 11 890 000 теңге тұрады. Ал ең үздік Premium жиынтығының бағасы — 15 190 000 теңге.

 

Салыстыру үшін айтсақ, вариатормен жұмыс істейтін 1.5 литрлік турбомотормен жүретін ең қымбат Chery Tiggo 4PRO 12 350 000 теңге тұрады.

 

Стандарт жабдықтар тізімінде кілтсіз ашу жүйесі, дауыс арқылы басқару, екі аймақты климат-бақылау, жылытуға болатын алдыңғы орындық, жылытуға болатын айна мен алдыңғы әйнек, қауіпсіздік жүйесінің базалық жинағы және электронды көмекшілер бар. Ал бейімді круиз-бақылау, айнала шолу камерасы, көрінбейтін аймақты бақылау, жолақта ұстау сияқты үздік жүйелер қымбат комплектацияда ғана қолжетімді.

 

 

 

 

Кроссовер салоны заманауи автоөндіріс ерекшелігіне сай жасалған. Цифрлы аспаптар панелі мен медиажүйе дисплейінің 10.25 дюймдік екі экраны бар. Базалық нұсқаның өзінде ортаңғы тоннельде орналасқан климат-бақылау шайбасы мен сымсыз қуаттау жүйесі бар. Салондағы атмосфералы жарық пен панорамалы шатыр үздік түрленімде ғана болады.

 

Omoda C5 комплектациясы туралы толық ақпаратты Kolesa.kz-тегі «Жаңа автокөліктер» бөлімінен білуге болады.

 

Модельді 1 шілдеден бастап сатып алуға болады. Бренд топтамасы алда S5 седаны және GT спорттық нұсқасымен толығады.

 

Omoda кейінгі екі жылда Қазақстан нарығына шыққан Chery Automobile компаниясының үшінші бренді болды. Біздің елге алдымен Chery, одан кейін Exeed келді. Қазақстанда үш брендті әртүрлі дистрибьюторы сатады. Omoda көліктерін Aster компаниясы ұсынады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста